23.05.2022, 16:30
1053
Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-парақшасында жазды.
Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін білдірген.
«Маған кез келген сәтте кеңес беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі — Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым», — делінген жазбада.
Қазақстандық экономист, топ-менеджер және мемлекет қайраткері Ораз Жандосов 1961 жылы 26 қазанда дүниеге келген. 1983 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітірген (экономист-кибернетик).
Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің қаржы мәселелері жөніндегі вице-премьері, KEGOC ұлттық компаниясының басшысы, Ұлттық Банктің төрағасы, қаржы министрі қызметтерін атқарған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР