Орталық Азияда монополия орнатпақ болған Путин

Әділ АҚЫЛБАЙ

16.02.2021, 09:17

8537

        Өткен аптада Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин «Комсомольская правда» газетіне сала-құлаш сұхбат беріп, екі елдің қарым-қатынасы туралы  біраз әңгіме қозғап, сөз арасында Ресейдің мемлекеттік «Росатом» корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына кірісуге дайын екенін мәлімдеп жіберді.

       Елшінің айтуынша, Қазақстанда электр қуатының тапшылығы болжанып отыр, осы жағдайдың алдын алу үшін Қазақстанға АЭС құрылысы өте-мөте маңызды екен-мыс. «Әлемнің өзге мемлекеттері сияқты Қазақстан да таза энергияға зәру. Бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциясы. Сондықтан Қазақстан үшін АЭС құрылысы өте маңызды. «Росатом» бұл жобаға кірісуге дайын, станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік береді. Ресей атомына сенімсіздік танытып, үреймен қарайтындар қателеседі. Ресей АЭС-терінде ең озық заманауи технологиялар қолданылады. Таза электр қуатын айтпағанда, АЭС жобасы Қазақстан экономикасының басқа салаларына мықты серпін береді, жоғары білікті мамандарға жұмыс орындарын ашып, ядролық физика саласындағы жоғары білім сапасын арттырады», – деп көсіле сөйлепті Бородавкин мырза.

       Шыны керек, «Ресей, қазақ жері және АЭС» деген ауыр тақырып соңғы 20 жыл бойы тұрақты түрде жиі-жиі, түрлі деңгейде көтеріліп келеді. Соңғы рет, екі жылға жуық уақыт бұрын анау-мынау емес, Путиннің өзі көтерген еді бұл тақырыпты. 2019 жылдың сәуір айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев енді ғана Қазақ елінің президенті атана салысымен Мәскеуге аттанып, сол кездесуде Ресей президенті Қазақстанда Ресей технологиясымен АЭС салуды ұсынған еді.

Елші Бородавкиннің АЭС жайындағы соңғы батыл мәлімдемесіне қазақ баспасөзі пәлендей қарсыласып бұлдана қоймағанда, ұлты орыс қазақстандық журналист, жазушы және әлеуметтік желілерде өз көзқарасын белсенді айтатын қоғам қайраткері Вадим Борейко ашық түрде бұған қарсы шықты.       – Былтыр біздің ютубтегі «Гиперборей» деген каналымыздың командасы Чернобыльдағы шеттетілген аймаққа да, болашақ АЭС салынады делінген Балқаштағы Үлкен ауылына да барып қайтты. Екі фильм түсірдік (орыс тілінде) – «Чернобыль и АЭС в Казахстане» және «Улькен: Апокалипсис сегодня».Қысқасы, мен бұл мәселенің материалдық бөлігін әбден зерттеп, нақты және біржақты пікірге біржолата келдім: мен Қазақстандағы АЭС құрылысына қарсымын. Неге десеңіз, мынадай дәлелдер мен негіздерімді ұсынамын: біріншіден, біздің еліміздегі АЭС құрылысына ешқандай экономикалық негіз жоқ. Бұл – түптеп келгенде, Ресейдің Қазақстанды геосаяси бағындыруының тағы бір әдісі. Екіншіден, егер бір атақты жемқорлар мемлекеті екінші бір атышулы жемқорлар мемлекетінің жерінде атом станциясын сала бастаса – мұның өзі дайын тұрған катастрофа. Мұның арты немен тынатынын бір Құдай біледі. Мұндай тірліктен еш жақсылық күтуге болмайды. Үшіншіден, құрудың алдында аз-ақ тұрған Үлкен ауылын міндетті түрде қалайда дамыту керек, ол жерде атом электр стансасы болса да, болмаса да! Қазақстанда Үлкен сияқты сүреңі әбден қашқан ауылдар жүздеп, мыңдап саналады, ендеше олардың әрқайсысының жанынан АЭС салуымыз керек пе? Қысқасы, бұл болмайды, мен Қазақстандағы ресейлік АЭС-ке қарсымын, – деді Вадим Борейко.

Тегтер: атом энергетикасы білікті маман сенім үрейэкология экономика саясат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43