Орталық Азиядағы Иса пайғамбар

04.08.2018, 20:47

662

Тәжікстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Ато МИРХОДЖА Тәжік президенті Эмомали РАХМОНДЫ Иса пайғамбарға теңеді. Бұл туралы  Жас Алаш akhbor.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Ақын “Нұристанның тарихы” атты шығармасында (Нұристан – тәжік тілінен аударғанда нұрдың елі деген мағына береді) Тәжікстанды қара түнекте қалған ел ретінде суреттей келіп, Рахмонның билікке келуін ел аспанына түскен ғайыптың нұры ретінде бағалайды. Шығармада Эмомали Рахмонды Иса пайғамбармен теңестіреді. Президент өмірге келгенде жап-жарық нұрдың пайда болғандығын, бұл оқиғаны Иса пайғамбардың өмір есігін ашқан сәтіндегі аспаннан пайда болған қасиетті нұр жайлы аңызбен салыстырады. Пайғамбар мен Эмомали Рахмонның аналарының есімдерінің ұқсауын да кездейсоқтық емес деп біледі ақын. Бірі қасиетті Мәриям ана да, президенттің анасының есімі Мәрия.Шығармада Тәжік президентін Иса пайғамбармен ғана емес, Тәжік президентінің билікке келуін Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибтың халифа болғандағы аңызымен де салыстыратын тұстары бар.Дегенмен, Ато Мирходжаның “Нұристанның тарихы” атты еңбегі Тәжік президентіне арналған алғашқы шығармасы емес. Қаңтар айында ол президентке арнап поэма жазған болатын. Поэма “Көшбасшы сөзі – ұлт тағдыры” деп аталады. Шығарма Эмомали Рахмонның жыл сайынғы халыққа жолдауына арналған. Шығарма мазмұнында Тәжік президентінің билік жүргізетін сарайы қасиетті қағбадан да қадырлы әрі пәк орын деп бейнеленген. Ол халыққа жолдау жасаған кезде ай мен күн секілді планеталар қозғалысын тоқтатып, президенттің қасиетті сөзін тыңдайды дейді.[caption id=«attachment_15599» align=«alignnone» width=«768»]Тәжік президентінің резиденциясы[/caption]Өз кезінде президенттің әр жолдауын АҚШ пен Ресей президенттері мен Қытай Коммунистік партиясының төрағасы талқылап, астарына үңілетіндігін де айта кетеді. Тәжікстан мемлекетінің басшысы 1994 жылдан бері билікте.Фото: sputniknews-uz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 06:56
Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 21:37
ОСК төрағасы бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 20:16
ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 16:16
Серік Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге шегерілді
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 20.03.2023, 12:07
Қарағандыда өткен сайлау шумен аяқталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 08:27
Екінші Еxit poll нәтижесі жарияланды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28