Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларға вакцина салуды мақұлдады

Сайт әкімшілігі

29.09.2021, 14:11

598

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан балаларға  ерікті түрде салуға рұқсат беріле бастайды, — деп хабарлады Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі. 

Шешім жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген Pfizer вакцинасының 12-15 жастағы балаларға клиникалық зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген. Тиісті ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) берді.

Осылайша, Өзбекстанның бас санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық және иммунологиялық сараптама комиссиясының шешімімен 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен Pfizer вакцинасын салуға болады.

Қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға АҚШ-тан 1,214 миллион дана Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізілді.

Мамыр айының соңында Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған Pfizer/BioNTech вакцинасын салуды мақұлдады.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қазанда келетінін, оны тек балалар мен жүкті әйелдер салдыра алатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00