Өзбекстан Қазақстанды басып оза ма?

Есбол ҮСЕНҮЛЫ

19.05.2021, 08:49

3094

Мемлекеттің басты байлығы адам екені белгілі. Себебі қоғамның, экономиканың өзегі – адам. Мемлекеттің өндіріс қуаты, сұраныс-тұтыну деңгейі, қозғаушы жасампаздық күші тікелей адам факторына байланысты. Кейінгі кезде Өзбекстан мен Қазақстанды салыстырушылардың көбеюі екі елдің жан санындағы алшақтықтан туындаған. Соңғы 30 жылда өзбектердің жан саны екі еселенсе, ал Қазақстанның жан саны өсудің орнына азайып, кеңес кезіңдегі деңгейіне де жетпей қалған. Жақында Өзбекстан президенті үкіметке баспана құнын 380 доллардан асырмау жайында тапсырма берді. Жері кең, қазба байлығы мол Қазақстан билігі аз халқын баспанамен қамтамасыз ете алмай отырғанда, табиғи ресурсы шектеулі өзбек билігі мұндай әлеуетті қайдан алды? Жауап өте анық: Өзбекстанның экономикалық қуаты жан санының көптігінде, еңбек күшінің молдығы отандық өндірістің гүлденуіне әкеліп отыр. Инвесторлардың, әлемдік алпауыт компаниялардың Қазақстанды емес, Өзбекстанды таңдауындағы шешуші себеп те осы адам факторында жатыр.

Шетелдік сала мамандары жан саны өсімі тұрақты сақталатын мемлекеттерді алысқа жүгіретін марафоншыға теңесе, жан саны өсімі тұрақсыз елдерді қысқа аралық чемпиондарына ұқсатады екен. Ондай елдердің экономикасы тебінді еңбек күші бар кезде қарыштап дамыса, керісінше болғанда баяулайды екен. 1995 жылы Жапонияның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі Американың бір жарым есесіне тең болса, 2020 жылы 61 пайызындай болған. Германияныкі 2008 жылы Америкамен шамалас 94 пайыз болса, 2020 жылы 71 пайызындай болған. Италияныкі 2008 жылы Американың жалпы ішкі өнім көлемінің 84 пайызындай болса, 2019 жылы 51 пайызға түскен. Мұндағы басты фактор Америкада жан санының өсімі тұрақты сақталса ғана. Жапония мен Еуропа елдерінің жан саны қартаюға көшкен. Сексенінші жылдары еңбекке қабілетті қытайлықтардың орташа жасы 22 болса, америкалықтардыкі 30 жас болған. Қазір Қытайда 42 жас болса, Америкада 38 жас екен. 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті қытайлықтардың орташа жасы 56 болса, америкалықтардыкі 44 жас болады екен. Америкамен сауда бәсекесінде ұтылмау үшін қытай билігі алдын ала қамданып жатқан көрінеді. 2016 жылы жоспарлы туу саясатына өзгеріс енгізуі жан санының қартаюының алдын алып, экономиканы бір қалыпта ұстаудың амалы екен.

Жоғарыдағы ғылыми негізге сүйенсек, әйелдердің туу көрсеткіші жоғары Өзбекстанды ұзаққа жүгіретін марафоншыға, ал азаматтары «бейбіт күнде көлік апатынан соғыстағыдай мерт болып жатқан» Қазақстанды қысқа аралық чемпионы деп қарауға болады. Мектеп оқушыларының ауысыммен оқуы, баспана зары, жастардың шетелге ағылуы, медициналық инфрақұрылымның жаңармауы, әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіру – осының бәрі биліктің халықты сапалы біліммен, арзан баспанамен, кемелді медицинамен қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімдік стратегиясының жоқтығын, қолданыстағы жүйенің тиімсіздігін көрсетеді. Адам капиталының өсуіне мән бермеген мемлекеттің экономикасы импортқа тәуелді болып, ақша сыртқа кетіп, зат бағасы шарықтап, өндірісі әртараптанудың орнына тұралап, түрлі қоғамдық толқуларға әкелмек.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41