Өзін «ақпын» деп ресми тілде ақталған Жоламанова қазақ тілін менсінбей ме?!

Сайт әкімшілігі

11.05.2021, 15:28

1983

Жақында кеңсесінде тінту жүргізіліп, қомақты ақша тәркіленген Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова бүгін баспасөз конференциясын өткізді. Ол жиында Жоламанова:

«Менің кеңсемде табылған 10 мың АҚШ доллары қарт анамды өзіме жақын жерге көшіру үшін ипотека арқылы пәтер сатып алуға арналған», — деді.

Оның айтуынша, ол 10 мың долларды үйде сақтауға қорқып, жұмысқа әкелген. Ол бұл соманы досынан қарызға алған. Сол күні, Жоламанованың айтуынша, сағат 15:00-де ол банкке барғалы жатқан, бірақ 12:00-де тінту жүргізілген.

Жолманова телефонды тыңдау оның кеңсесінде ұйымдастырылғанын айтады. Оның айтуынша, тінту де, тыңдау да судьялардың тәуелсіздігін әрдайым қорғайтындығына байланысты ұйымдастырылған және мұның бәрі оны жұмыстан шеттету үшін жасалады.

Журналистер оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау үшін сотқа жүгінетіндігі туралы сұрады. Жолманова «судьялар талап қоя алмайды, Жоғарғы Сот жанындағы Судьялар одағы бұл мәселені қолға ала алады» деп жауап берді. 

Жалпы Жоламанованың жайына қатысты мәселенің мәнісін құзырлы органдар анықтай жатар. Бұған қатысты біз қандайда бір қорытынды шығарудан аулақпыз.

Бірақ біздің бүгінгі айтпағымыз:  өзін «ақпын» деп БАҚ өкілдерін жиып алып баспасөз мәслихатын өткізген Жоламанова бүгін бұл жиында қазақша бір ауыз тіл қатпады. Тіпті қазақша сауал қойған қазақтілді журналистерге де ресми тілде жауап берді. Қазір қазақша қойған сауалына орыс тілінде жауап алған журналистер «Жоламанованың қазақшасы шамалы екен» деп те өкпе айтып жатыр. Сонда Жоламанова қазақша білмей ме, әлде қазақ тілін менсінбей ме?!

Абзалында, судья екі тілде бірдей жүйрік болуы керек емес пе?! Ол алдына келген қазақша істерді түсініп оқып, түйсініп қорытынды шығаруы тиіс қой.  Ал  енді қазақшасы «шамалы» Жоламанова алдына қазақша келген істерді, арыздарды бұған дейін қалай түсініп келді екен?!

Өзі лауазымды қызметте отырып қазақ тіліне деген құрметтің жоғары болуы керек екенін бір білсе, Жоламанова білуі керек еді. Аңғарғанымыз, біздегі шенділердің қазақ тіліне шекесінен қарап, реми тілде шүлдірлей жөнелетін әдеті судья ханымда да бар тәрізді. Соған қарап біздің де ішіміз ашып, көңіліміз толмай қалғанын несіне жасырамыз?!

Баспасөз мәслихатында тек қана ресми тілде ақталғанына қарағанда қазақтілді БАҚ-тың не жазып, не қоятыны, не ойлайтыны Жоламановаға маңызды емес тәрізді...

Тегтер: сот шешім үй қамақ министр экс-министр

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 10.06.2021, 08:49
«Медаль алғыш» Мамин міз бақпай отыра бере ме?
Әділ КЕМЕҢГЕР 10.06.2021, 08:44
Біз бұларға қалай сенеміз?
Батыр ЖАСҰЛАН 08.06.2021, 08:45
Мәскеудің лас ойынына біз неге араласуымыз керек?
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.06.2021, 08:57
Әй, «Самұрық-Қазына»! Халықтың ақшасын қашанға дейін шаша бересің?
Сайт әкімшілігі 04.06.2021, 08:44
Сең қозғалған секілді
Батыр ЖАСҰЛАН 03.06.2021, 09:02
Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02