Пандемия және визасыз байланыс

Есбол ҮСЕНҰЛЫ

29.07.2022, 09:57

2045

Қытай Сыртқы Істер Министрі Уаңиіннің Қазақстанға, президент Тоқаевтың Иранға сапарынан кейін, Қазақстанның Қытай, Иран, Үндістан азаматтарына 14 күндік визасыз байланысты жолға қоятыны мәлім болды. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жыл 7 шілдедегі №464 қаулысымен үш елдің азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін жүре алатын болды. Үкімет бұл шешімін «Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін одан ары жүзеге асыру мақсатында қабылданды» деп түсіндіргенімен, Қазақ билігінің қазіргі әлемдік геосаяси жағдай мен эпидахуал ушыққан кездегі ерекше «Жомарттығы» ел арасында түрлі пікір тудыруда.

Қытай, Үндістан десе көз алдымызға құжынаған миллиард халық келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазекем қытаймен құда болудан жарысқа түссе, Үнді сериалдары телеарналарымызды жаулап алғаннан кейін, үйін Үндіше безендіріп, ет жеуден бас тартып, Йогамен айналысатындардың қатары көбейді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қытай да, Үндістан да, Иран Ислам Республикасы да жұтпаса жұтылмайтын, себепсіз қалтасынан тиын шығармайтын, айқын саяси мақсаты бар елдер. Қытай, Үндістан, Иранның Ресейдің Украинаға шабуылын айыптаған өркениетті әлеммен керағар позиция ұстанып, Путинге жақтасып, саяси, экономикалық одақтас болып отырғаны соның айғағы. Батыс пен Ресейдің арасы екіге айырылған соң, Қытай мен Үндістан орыс мұнайы мен газының басты тұтынушысына айналды. АҚШ пен жұлдызы қарсы Иран Ресейге ұшқышсыз дрондар бермек екен. Ақ үйдің болжамы бойынша Путиннің парсы еліне сапарының негізгі мақсаты Сирия мәселесі емес, әскери көмекке қол жеткізу.

Батыс санкциясының тегеурініне байланысты қазіргі күнде көпшілік елдер Ресеймен қандай да бір әріптестік байланысын көмескі ұстауға тырысып отырғаны белгілі. Атап айтқанда, әскери мақсаттағы байланыстар азаматтық сипат алған. Қазақстан Ресеймен одақтас үш елдің азаматтарының елге емін-еркін кіріп-шығуына жағдай жасап, Ресейге өтуіне транзиттік жол ашып беріп отырғандай әсер қалдырады.

Қазақ билігінің мәрт шешімінің елдің денсаулығына, эпидемиялық жағдайға тіке қаупі барын баса айтуымыз керек. Маусымның басында елге кіретін шетел азаматтарынан ПТР тестін талап ету шектемесі алынып тасталған еді. Визасыз байланыс жолға қойылғаны сол екен, пандемия қайта етек алды. Бүгінде тәулігіне 2500 адамнан омикронның жаңа штаммы анықталуда. Нұр-Сұлтан сары аймаққа енді. Алматыда маска режимі қайта енгізіле бастады. Денсаулық министрі Ажар Ғиниятқызының алдағы айларға жасаған болжамы тіпті де қорқынышты. Тамыз айында эпидахуал қайта ушықпақ.

Қазақ билігі құшағын айқара ашып отырған аталмыш үш елдің пандемиядан зардап шеккен елдердің көшін бастағаны айдай әлемге аян. Қытай обаның ошағы болса, Иран мен Үндістан коронавирустың өзгерген түрлерінен ең ауыр зардап шеккен ел. Көктемде Еуропа мен Америка шектеулерді алып тастап, қалыпты режимге көшіп еді. Қытайда пандемия қайта өршіді. 25 миллион жан саны бар Шанхай қаласын карантинге жапты. Бірақ қатаң шаралар енгізсе де тәжтажалды ауыздықтай алмай отыр. Шарасыздықтан Ел астанасы Бейжіңде тұрғындарға дене температурасын, басқан ізін көрсетіп тұратын электронды білезік таға бастаған. Үндістан мен Иранда коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 10 мың адамнан асқан елдер қатарына енген.

Сол себепті Сыртқы Істер Министрлігі Ресейге салған санкцияға байланысты айтылған батыс ескертуін, эпидемиялық жағдайды басты назарға алып, шешімдерін қайта ой елегінен өткізгені жөн.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49