Парақорлардың аяғына тұсау-браслет салына бастады

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 12:40

574

Электронды қадағалаушы құрал — браслет сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдіктілерге қолданыла бастады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Цифрландыру жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов. 

— Агенттік электронды қадағалаушы құрал — браслет қолдана бастады. Ол тергеу кезінде қамалмаған, бірақ жүріс-тұрысы шектелген күдіктілерге қатысты. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде бұл тәжірибені алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды ​​сотының шешімімен үй қамағына алу түріндегі күдіктіге қатысты қолданды, — деді Құсайынов.

Ол бүгін 10 мыңға жуық осындай құрылғы 500 мың теңгеден астам сомаға сатып алынғанын және бұл осы қызметтің шығынын едәуір үнемдейтінін баса айтты. Мәселен, қызметкерлер күдіктіні іздеп жүрмейді, ұялы байланысқа ақша шықпайды, оны алып келемін деп әуреленбейді. 

Оның айтуынша, қолданар алдында, күдіктіге тиісті міндеттемелер қабылдау туралы ережелер түсіндіріледі, ал бақылаудағы адам жалпы денсаулығы және ешқандай қарсы көрсетілімдерінің болмауы үшін қажетті медициналық тексеруден өтеді.

Брифингте бұл браслет денеге киетін пассивті радиоэлектрондық модуль екендігі және айыпталушының аяғына бекітілетіндігі түсіндірілді.

— Салмағы — шамамен 80 грамм, сондықтан ыңғайсыздық туғызбайды. Оны алып тастауға әрекеттену немесе оны шұқылау жүйені іске қосып, диспетчерлік бөлім мен жауапты адамдарға дабыл белгісін береді. Егер адамның шынымен де осы тұсау-браслетпен жүргенін анықтау керек болса, онда диспетчер батырманы басады, сол кезде құрылғыға хабарлама келеді және 5 минут ішінде адам оған жауап беріп, өзін суретке түсіріп, дауыстық хабарламаны кері жолдауы тиіс, — деп түсіндірді Аслан Құсайынов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04