26.01.2022, 16:26
1282
Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу — еск.) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Елордалық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған "ӨКМ Операторы" ЖШС топ-менеджерлерінің бірі қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу — еск.) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігі үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны хабарланған болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР