Президент "Нұр Отан" қатарынан шығу керек!
ПРЕЗИДЕНТ «НҰР ОТАН» ҚАТАРЫНАН ШЫҒУЫ КЕРЕК!Сонда елде шынайы көппартиялық жүйе орнауының бір алғышарты пайда болады. Ақпан айында «Нұр Отанның» съезі болады екен.Менен бір ұсыныс.Бізде партиялық өмірдің тұралап тұруының себептері көп. Соның ішінде бір субъективтік, біздің Қазақстанға ғана тән себебі бар: «Нұр Отанның» басшысы — президент.Бұл дегеніңіз — барлық саяси күштер мен тұлғалар формальды түрде президенттен именіп, онымен күресуді былай қойғанда, пікір таластыруға қорқады. «Нұр Отанға» сын айтсаң, президентке сын айтқан боп шығасың, сондықтан «бәлесінен аулақ» деп, талай адам іштен тынып жүр. Сол себепті партияаралық бәсеке мүлдем жоқ!Осы саяси тығырықтан шығудың бір жолы бар.Алдағы съезде президент «Нұр Отан» қатарынан шығуы керек: мемлекет басшысы партия басшысы болмай-ақ қойсын!Елдегі партиялық өмір сонда ғана жанданады, партия аралық бәсеке демократия мен пікіралуандығының дамуына оң әсер етеді.Бәлкім, президенттің арқасында бедел жинап жүрген «Нұр Отан» да тіріле бастар. Басшысы, мәселен, премьер болсын. Ол партия басқа партиялармен терезесі тең ұйым ретінде өркениетті саяси күреске машықтансын!Басқа партиялардың да бойына қан жүгіріп, шынайы партиялық жұмысқа білек сыбана кірісер еді. Барлық партия басшылары тікелей эфирде дебатқа түсіп, қоғам өміріндегі өзекті мәселелер бойынша айтысып жатар еді.Плюралистік қоғам сонда ғана демократиялық даму жолына түсіп, халық пен билік арасында жанды байланыс орнап, билік тармақтарының тепе-теңдігі қалпына келіп, нәтижесінде мемлекеттік саясаттың сапасы артар еді!Әрине, елде шынайы демократия орнатудың басқа, бұдан да маңызды жолдары бар, біз ол туралы талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ бұл жерде мен тек бір ғана, алдағы партия съезінің құзырындағы жайтты ғана айтып отырмын. Оны ағайын түсінеді деп ойлаймын!P.S. «Біз „Нұр Отанның“ мүшесі емеспіз, ол съезде не шаруамыз бар?» — деушілерге айтарым мынау: мен атап отырған жайт елде көппартиялық жүйе болмауына тікелей теріс әсер етіп отыр, сондықтан да бұл мәселенің баршаға, соның ішінде, басқа партияларға қатысы бар! Партиялық өмір жанданғаннан ешкім де ұтылмайды!Фото:
azattyq.org
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
09:25
Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Сайт әкімшілігі
03:21
Смайылов екі облыс басшысын сынға алды
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ
26.05.2023, 09:13
Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
Сайт әкімшілігі
25.05.2023, 15:00
Министр оқу жылы неге ұзарғанын түсіндірді
Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ
25.05.2023, 09:15
Оралов жауап бермейді, «тапсырма» береді
Қанат ТІЛЕУХАН
23.05.2023, 09:40
Қуанышалинмен қоштасу