Президент - пұт емес, портретімді ілмеңіздер

20.05.2019, 18:16

359

Бүгін Украина астанасы Киевте жаңа президент ВладимирЗЕЛЕНСКИЙДІҢ инаугурациясы өтті. Оған Грузия президенті Саломе ЗУРАБИШВИЛИ,  Эстония басшысы Керсти КАЛЬЮЛАЙД және Литвапрезиденті Даля Грибаускайте бастаған шетелдік меймандар қатысты.

Инаугурациям дүйсенбіде белгіленген соң бірден жұмысыма кірісейін деді мемлекет басшысы. Айтпақшы, Владимир Зеленский бұрынғы президенттердей инаугурацияға көлікпен емес, жаяу келді. Сондай-ақ, VIII шақырылымдағы Жоғарғы Рада депутаттарын тарататынын мәлімдеді.

"Үкімет біздің проблемамызды шешпейді. Үкімет біздің проблемамыз" деген сөз бар. Біздің қолымыздан не келеді деп отыра беретін бізге үкіметтің керегі жоқ. Бірақ олардың да қолынан іс келеді. Егер өз еріктерімен арыз жазып, орындарын босатса ол еңбектері бағаланады. Менің суретімді кабинеттеріңізге ілмеңіздер. Президент — портрет емес. Кабинеттеріңізге балаларыңыздың суретін іліп қойыңыздар. Солардың болашағы үшін еңбек еткен ләзім. Мен осы уақытқа дейін халқымды күлдіріп келдім. Енді оларды жылатпау үшін барымды саламын», — деді Владимир Зеленский.

Сондай-ақ, президент жұмысының бірінші күні әлемдегі барлық украиндерді атажұртқа шақырды. Және бірден азаматтық беретінін мәлімдеді. «Бізге сіздерден сувенир керек емес. Бізге жаңа Укаринаны құру үшін отаншыл азаматтар керек», деді ол.

Фото: gottstat.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 06:56
Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 21:37
ОСК төрағасы бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 20:16
ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 16:16
Серік Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге шегерілді
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 20.03.2023, 12:07
Қарағандыда өткен сайлау шумен аяқталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 08:27
Екінші Еxit poll нәтижесі жарияланды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28