Президент жолдауы: Тілдің түйткілін қалай шешеміз?

Батыр ЖАСҰЛАН

09.09.2021, 08:39

1044

       Мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы күн өткен сайын артып келеді. Ол дұрыс та. Өйткені қазіргі қазақ тілінің аудиториясы кеңейді. Мемлекетқұрушы ұлттың тілінде сөйлейтін азаматтардың саны да артты. «Қазақ тілі – менің тілім» дейтін өзге этностың өкілдері көбейді. Бірақ тілді саясатқа айналдырып, мәселе көтеретіндер де аз емес. Бірақ уақыты келгенде олардың барлығы да әлемдегі ең бай қазақ тілінің құнарлылығын толық сезінетін болады.

       Қалай айтқанда да, тілді саясатқа айналдырғысы келетіндер бір нәрсені айқын сезінуі тиіс. Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Демек, уақыты келгенде ғана емес, осы елде тұрғысы келетін әрбір азамат қазірден бастап мемлекеттік тілді үйренуі тиіс.

       Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған жолдауында қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін айтты. «Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданы­луын шектеуге болмайды. Болашағын Отанымызбен байланыс­тыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі ­деуге болады. Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын шекара. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымын­дағы ресми алты тілдің бірі.

Сондықтан бұл мәселеге парасатты­лықпен қарауымыз қажет», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

       Әрине, мемлекеттік тілге қатысты маңызды мәселелерді сөз еткен Тоқаевтың бұл пікірі қолдауға тұрарлық. Тек бүкіл халық болып мұны жүзеге асыруымыз керек. Алайда орыстілділер жиі қолдана бастаған термин «тіл патрулі» бұл саладағы қордаланған мәселені шеше ала ма? Ол үшін не істеу керек? Бұл орайда, мәжіліс депутаты Ерлан Заировтың пікірі жанды. Ол үшін:

1. Мемлекеттік органдарда екі тілді – қазақ және орыс тілін жетік білетін азаматтар жұмыс істеуі тиіс.

2. Мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді білудің біршама стандарты заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс.

3. Әсіресе қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер белгілі бір дәрежеде қазақ тілін білуі керек.

        «Тіл патрулі» мемлекеттік органдар үшін бұл мәселені шешудің құралы болып табылмайды. Қазіргі уақытта мемлекет нақты шешімдерді қабылдауда кешеуілдік танытып отыр. Министр, вице-министрлер екі тілді де меңгеруі керек. Өкінішке қарай, бүгінгі министрлер кабинеті екі тілде еркін сайрап тұрған жоқ, – дейді мәжіліс депутаты.

        Расында да, солай. Қазіргі қазақ қоғамы екіге жарылған. Ол рас. Бірі «мемлекеттік тілді мәжбүрлеп үйретудің қажеті жоқ» десе, екіншілері «Қазақстан – өз Отаным» дейтін әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі керек» деген пікірде. Қанша адам болса, пікірлер де соншама. Мысалы, бір кездері президент Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған Олжас Құдайбергенов «қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін алдымен азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру қажет» деген ойда.

         «Әкімшілік жолмен адамдарды қазақша сөйлеуге мәжбүрлеу мүмкін емес, экономикалық және ұйымдастырушылық ынталандырумен әрекет еткен дұрыс. Сонымен қатар әкімшілік жолмен адамға өз тілінде негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыратындай ыңғайлы жағдай жасау қажет, сонда ғанаол қамқорлық жасаған өз Отанын сүйетін болады.Сосын барып ол барлық экономикалық ынталандыруларға оңай бой алдырады және қазақ тілін үйренеді. Содан кейін қазақ тілі ешбір мәжбүрлемей-ақ еліміздегі ұлтаралық келісімнің негізгі тіліне айналады, тіпті орыс тілінен де озады»,  – дейді экономист Олжас Құдайбергенов.

      Ал білім және ғылым министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба: «Өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтары арқылы жылына 30 мыңнан аса адам қазақ тіліне тегін оқытылуда. Қазақ тілін әлемдік тіл оқыту платформаларына енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – 23 млн тіл үйренушісі бар LinguaLeo білім беру платформасына қазақ тілін оқыту курстарын енгізу бойынша келіссөздер жүргізіліп, контент жинақталуда», – дегенді айтты.

        Демек, істелініп жатқан жұмыс бар. Тек бұл саладағы жұмыстар  мемлекеттік саясат ретінде ашық және жариялылық жағдайда жүргізілуі тиіс. Сонда ғана Қазақстанда тұратын басқа этнос өкілдері немесе орысша ойлап, сөйлейтін қаракөздер мұны айқын түсінеді деп ойлаймын. Әйтпесе «баяғы жартас – сол жартас» болып қала береді. Сондықтан, президент айтқандай, «болашағын Отанымызбен байланыс­тыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс». Мұны президент қана емес, министр де, атқарушы биліктегі азаматтар да ашық айтуы керек. Сонда ғана өзгенің ойы түзеледі.

Тегтер: Жолдау Мемлекет басшысы кезекті Жолдау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31