Президенттік жастар кадрлық резерві – тың идея, жаңашыл ойдың жобасы

Жарас ШӨКЕ

13.10.2021, 18:15

1070

Кез келген мемлекет дамып, өркендеу үшін, ең алдымен, кадр саясаты дұрыс жолға қойылу керек. Қазақстан да соңғы жылдары осы мақсатта Президенттік жастар кадрлық резервін іріктей бастады. Сөйтіп, жыл сайын бірнеше жүз жас «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып іріктеліп шығуда.

 Естеріңізде болса, ең алғаш рет Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жұмысы 2019 жылы өткізілген болатын. Президенттің жастар кадр резервіне іріктеудің нәтижесінде ең мықты деген 300 үміткер таңдап алынған болатын. Қазірге дейін соның 153-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Олардың арасында оншақтысы – саяси қызметке барды. Мысалы, «А» корпусына екі адам, қалғандары жеке және квазимемлекеттік сектордағы қызметтерге орналасты. Былтыр ғана 2021 жылғы іріктеудің 2019 жылғыдан өзгешелігі – нақтылыққа негізделеді деп айтылған болатын. Бұл дегеніміз – іріктеу мемлекеттік мекемелердің нақты қажеттілігіне байланысты кадрлар арасында өткізіледі деген сөз.

Былтыр өтініш берген 13 мың адамнан таңдап алынған 300 жасқа қарасаңыз, әлгілердің 102-сі – жеке, 98-і – квазимемлекеттік сектордан, қалған 96 адам – мемлекеттік қызметкерлер екен. Жартысынан көбі – шетелде оқып келіпті. Өтініш бергендердің көбі Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларынан болып шықты. Әрине, бұл жай ғана конкурс емес. Сондықтан да іріктеудің қатаң болғаны анық. Таңдалған үш жүз маманның дені сайдың тасындай кіл мықты екенінде шүбә жоқ. Президенттің кадрлық резервіне кіргендер болашақта біреуі министр, әкім, кейбіреулері ұлттық компанияның басшысы болуы әбден мүмкін.

Президенттің жастар кадр резервіне іріктеуден сүрінбей өткен жастың бірі – Олжас Сәкенов. Сәкен сияқты жігіттер елді өркендетіп, мемлекетті дамыту үшін қажетті маман. Жалпы Президенттік жастар кадрлық резерві – жалындап тұрған жастарға өз қарым-қабілетін, білім-білігін кәдеге жаратуға берілетін ғажап мүмкіндік. Олжас Сәкеновпен әңгімелестік. Ол бізге Президенттік жастар резервіне өтуге сынақ бірнеше кезеңнен тұрғанын, әрі сынақтың салмағы пкыр болғанын айтып берді. – Сынақ бірнеше кезеңнен болды. Оның алғашқы төртеуі онлайн түрде болды. Ал соңғы екі тур – сарапшылармен бетпе-бет кездесіп, әңгімелесу. Мұны бұрын-соңды болмаған тәжірибе деп ойлаймын. Себебі мемлекеттік басқару академиясы, Талантис, SHL деген дүниежүзіне мәлім компаниялардың жинаған әдістемесі қолданылды. Бағалаудан шынайы өттік. Мысалы, 1 минутта берілген сұраққа жауап бересіз. Оған да тыңғылықты, жан-жақты дайындық қажет. Осындай күрделі кезеңдер болды, соның бәрінен сәтті өттім – деді.

Президенттік кадрлық резерв бағдарламасының мән-маңызы зор. Себебі, бастама жастарға да, еліміздің ертеңі үшін де өте тиімді. Жастар жүрген жерде қашанда жаңашылдық бар. Жаңа буын қандай да бір жаңалықтың жаршысы. Қазіргі кезде кадрлық резервке енген жастардың көбі жеке секторда, халықаралық компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған мамандар. Арасында кейбірі «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімін жетілдіріп келгендер. Жастар үшін бағдарламаның пайдасы мол екені даусыз. Олар өз идеяларын жүзеге асырып, алған білімдерін елдің дамуына, өсіп өркендеуіне қолдануға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны «әлеуметтік лифт» деп қарастырып жатыр. Мәселен, жоғары лауазымға жету үшін мемлекеттік қызметте еңбек өтілі қажет. Ал кадрлық резерв арқылы бірден жетекші-басқарушылық лауазымға тағайындалуға жағдай жасалған. Бұл дегеніміз – қандайда бір салаға өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар деген сөз.

Айтпақшы, атиалмыш жобаға өткен Олжас Сәкенов резервке енген алғашқы кезеңнің жастарымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді. Біз сол кездесуден алған әсері туралы сұрадық. Ол «Мемлекет басшысымен кездескен каезде, мен жобаның бір реттік дүние емес екенін түсіндім. Бұл – мемлекеттік қызметті өзгертетін жоба екенін ұқтым. Қазақстан үшін мұндай өзгерістің болғанына қуаныштымын. Өйткені резервке енген жастардың дені – әркім өз саласы бойынша тың идея мен нақты жоспары бар білімді, білікті мамандар» — деп ағынан ақтарылды.

Жасыратыны жоқ, қазір жастарға мүмкіндік көп. Бұрынғы заман сияқты емес. Бәріне қолжетімді. Білім алғыңыз келе ме, оған да жағдай жасалған. Жұмыс істегіңіз келе ме, біліктілігіңізге сай қызмет табу қитындық тудырмайды. Тек қана жастар мүмкіндікті жіберіп алмауы керек. Қазіргі жастар үшін кез келген жобаға қатысып, біліктілік пен білімді, тәжірибеңді сынау керек. Сынақтан өтпей қалсаң, оған да өкініп керегі шамады. Соның өзінен тәжірибе жинақтайсың.

–Менің мамандығым – тарих және экономикалық құқық негіздері пәнінің мұғалімі – деп сөзін жалғады кейіпкеріміз. – Бұған дейін әртүрлі салада қызмет еттім. Болашақта отандық экономика жағында жұмыс істегім келеді. Сол саланы дамытуға үлес қосатын тың идеяларымды да жүзеге асырғым келеді. Мемлекет жастарға өз идеясын, ойын жүзеге асыратын осындай тамаша мүмкіндіктерді беріп тұрғанда, жастар ешнәрседен аянбау керек деп ойлаймын – деп, сөзін түйіндеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.10.2021, 09:08
Халық санағы: «қолбала» мұғалімдерге жұмыс табылды
Олжас ҚЫЛЫШ 21.10.2021, 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 21.10.2021, 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Алмас НҮСІП 21.10.2021, 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31