Президенттің сапары басын июден басталды

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

15.10.2020, 11:41

2445

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Семейге келді. Абай есімі берілген әуежайға қонған ұшақтан түскен президентті облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер қаздай тізіліп қарсы алды. Бірақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрынғыдай емен-жарқын емес, тек қана басын изеп, амандасу мезіретін білдірді. Ондағы себеп түсінікті: санитарлық талап қатаң сақталуы керек. Даниал Кенжетайұлы да маскалы қалпында иіліп сәлем салған соң, президент сапарының ары қарайғы кезеңі басталып кетті.

  Қазір қалада санитарлық талап қана емес, ішкі тәртіп те қатаң сақталуда. Жай уақытта көше-көшені кезіп жүретін жол полициясы автокөліктерінің орнын өздері басқан.  Яғни, орталық көшелердің барлығынан шашылып емес, шаншылып тұрған полицейлерді көріп «көз қуантуға» болады.

  Бұл, әрине, «Еститін Үкіметі» бар елдің «жоғары жақтан» қандай басшысы келсе де жергілікті биліктің орындайтын міндеті. Алайда, оның осылай болуы тиістігі заңды сияқты көрінгенімен, телеарна, газет журналистерін президент сапарынан аулақ ұстауға ұмтылғаны түсініксіз болып тұр. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі оның себебін пандемия салдарымен байланыстыра отырып, БАҚ өкілдері үшін Президенттің баспасөз қызметі мен телерадиокешені ғана жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.

 Ал, пандемия салдарының дерегіне сүйенсек, қазір облыс бойынша 12 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Одан бөлек 62 оқушының да COVID-19-ға шалдыққаны да бей-жай қарайтын жайт емес. Даниал Ахметов қыркүйек басталмай жатып, пандемияның екінші толқынына облыс аумағы дайын екендігін мәлімдеген болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04