Президенттің суретін мешіттен алып тастады

05.06.2018, 23:16

130

Атыраудағы «Құспан молла» мешітінде ілінген президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ суретіне қатысты облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан МАНСУРОВ zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісіне пікір білдірді.Назарбаевтың суреті мешітте қайдан жүр?Атырау қалалық мәслихат депутаты Әлібек СЕМҒАЛИЕВ мемлекет басшысының суреті ілінген Эммат ҒҰМАРОВТЫҢ кабинетінде түскен суреті әлеуметтік желіні шу қылды. Жергілікті депутат жеке парақшасында «Хадисте ас беру өте сауапты амал. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады», — деп жазып, осы бір фотоны жариялаған. Facebook.com әлеуметтік желісінде мұны «жағымпаздық» деп бағалағандарға парақшаның иесі: «Біріншіден, бұл жамағат мінәжат ететін мешіт іші емес. Бөлек тұрған имамның кабинеті. Өз жұмыс кабинетіне елбасының суретін іліп, құрмет көрсетсе, несі айып. Екіншіден, тырнақтың астынан кір іздеп, бір-бірімізді мінеп-сынауды қашан қоямыз, Қасиетті Құранның өзінде «Уа, мүміндер! Аллаға бой ұсыныңдар, пайғамбар мен араларыңнан шыққан билік иелеріне бағыныңдар», – делінген (Ән-Ниса сүресі, 59-аят)» деп түсінік береді.Облыстық Иманғали мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров қабырғаға ілінген президент суреті «Құспан молла» мешітіне депутаттар барғанға дейін ілінгенін, қазіргі сәтте алынып тасталғанын айтады. Айтуынша, бұл жерде намаз оқылмайды екен.Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрметтейтін дін өкілі өз орнында қала ма?..

Фото:facebook.com

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Nur Otan өз депутаттарының игі істерімен бөлісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:33
«Көзір» күйді: Маминнің тағы бір өтірігі ашылды
Алып АРСЛАН 08:28
«...Аузы жаман елді былғайды»
Сайт әкімшілігі 17.09.2021, 16:00
"Бізге үлкен ойындар қажет емес". Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 17.09.2021, 14:00
Цой қайда қарап отыр?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 16.09.2021, 15:00
Байахметов баспанасы жоқ әкімді енді байқады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39