Путиннің бұрынғы көмекшісі Ресей аумағын «ұлғайту» қажеттігін айтты

Сайт әкімшілігі

22.11.2021, 10:33

961

Болашақта Ресей өзінің аумағын ұлғайтпақ ниетте. Бұл жайында Владимир Путиннің бұрынғы көмекшісі, ұзақ жылдар бойы Кремльдің басты идеологы болып саналған Владислав Сурков өзінің «Актуальные комментарии» сайтындағы мақаласында жазды,-деп жазды Аzattyq-ruhy.kz. Өз ойын ол «бұл нәрсенің жақсы, не жаман болғандығынан емес, бұл физика заңдары» деп түсіндірді.

Владислав Сурковтың жазуынша, термодинамиканың екінші заңы бойынша кез келген жабық жүйеде энтропия, яғни тәртіпсіздік орын алуы мүмкін.

«Басқа сөзбен айтатын болсақ, хаос ешқашан да азаймайды не кемімейді. Керісінше, ол ұлғая түседі. 21 ғасырдың басында Ресейдің билік жүйесі «әлеуметтік хаостың тасқынына» тосқауыл қойып, «тәртіп пен ұлттық ұстанымдардың» үстемдігін орната білді. Алайда, энтропия күшейе түсуде және қоғамдық өмірдің бөлшегіне айналуда», — деді Сурков. 

Путиннің экс-көмекшісінің айтуынша, тұрақтылықты сақтау үшін «әлеуметтік энтропия қалдықтарын басқа елдерге экспорттау» мұқтаждығы туындайды. «Әлеуметтік энтропия өте зиян. Ішкі жағдайда онымен алысу қиынға соғады. Сондықтан оны сыртқа шығару қажеттігі туындайды» дейді ол.

«Ғасырлар бойы Ресей мемлекеті өзінің қаһарлы, салмақты саяси ерекшелігі және өзінің аумағынан кеңейтуге ұмтылысы арқасында сақталып қалды. Ресей басқа әдістер арқылы тіршілік ету дегенді білмеген», — дейді Сурков. Оның айтуынша, Ресей қазіргі таңда да «өзінің империялық инстинкттерін» жоғалтпаған.

Сонымен қатар, Сурков тәртіпсіздікті экспорттау, яғни өзге елдерге шығару – жаңадан пайда болған нәрсе емес екенін атап өтті.

«Бөліп ал да, билей бер деген ежелгі қағида бар. Бөлу дегеніміз – тәртіпсіздікпен егіз ұғым. Өз халқыңды біріктіріп, өзгелерді бөлу арқылы сен екі жаққа да билігіңді жүргізе аласың. Ішкі шиеленісті азайтуды (Лев Гумилев бұны пассионарлық деп атаған) сыртқа экспансия жасау арқылы жүзеге асыруға болады. Ежелгі римдіктер осындай әдістерге жүгінген. Барлық империя солай жасаған», — дейді өз мақаласында бұрынғы саясаткер.

Идеологтың сөзінше, Ресей үшін өз аумағын әрдайым ұлғайтып тұру – ұстанымдардың бірі ғана емес, тарихи болмысының ажырамас бөлігі.

«Империялық технологиялар әлі күнге дейін тиімді. Бұрынғы империялар – қазіргі алпауыт елдер. Қырым консенсусы – көршілес мемлекетті тұрақсыздандыру арқылы өз қоғамыңды біріктірудің айқын мысалы. Брюссель мен Вашингтонның Мәскеуге қатысты шағымдары, әлемдегі барлық шиеленістерді Ресейдің қатысуынсыз реттеудің мүмкін болмауы біздің еліміздің әлі күнге дейін империялық инстинкттерін жоғалтпағанын көрсетеді», — деді өз мақаласында Сурков.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00