Қайшылықты шешетін диалог алаңы

Кемел ЖАН

22.09.2022, 13:14

1145

Осы аптада астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. Съездің ең басты тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» деп аталады. Съезге әлемнің бірнеше елінен өкілдер қатысуда. Ең құрметті қонақ – Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы, Рим Папасы Франциск. Ол съезге тұңғыш рет қатысып отыр.

Съезге Рим Папасынан бөлек, Жоғарғы имам Әл-Азһар, Шейх Ахмед Ат-Тайеб, Ресей мен Қытай, Израиль мен Үндістаннан және АҚШ, Еуропа елдерінен, Моңғолия мен Орталық Азия және Кавказ елдерінен мәртебелі қонақтар келіп қатысуда. Әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация келген. Әлемнің ең беделді телеарналарынан 2500-ден астам журналистер келіп, астанадан тікелей ақпарат таратуда.

Съездің ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Қ.Тоқаев астанаға келген қонақтарға өзінің ықыласын білдіріп: «Біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстанға келгендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын! Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы – әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. Біздің съезд өркениетаралық диалог орнататын жаһандық деңгейдегі алқалы жиынға айналды. Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Осында, яғни Ұлы дала төрінде небір алып, көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық – олардың бәріне ортақ сипат», – деп бастады сөзін.

Одан ары мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тұратынын, 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі жұмыс істейтінін атап айтты. Сонымен бірге бұл жиын өткізілуінің ең басты себебі – Қазақстан мен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатын әлемге паш ету екенін тілге тиек етті. Бұған дейін өткен съездерде діни радикализм, терроризм және зорлық-зомбылық пен қақтығыстар сынға алынған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заманауи сын-қатерлерге нені қарсы қоюға болады? Тарих бұған бір ғана жауап береді. Ол ізгі ниет, диалог және ортақ күш-жігер. Табысқа жетудің басқа кепілі жоқ. Қазақстан кез келген даулы мәселені БҰҰ Жарғысына сәйкес тек қана келіссөз үстелі арқылы шешуді үнемі айтып келеді» – дегенді баса айтты.

Президенттің меңзеп отырғаны көп жағдайдан сыр шертіп отырған жайт. Мәселен, қазір кейбір қайшылықтарды күшпен, қорқытып-үркітумен, айбат көрсетумен, санкция салумен шешу мүмкін емес. Мұндай қайшылықтарды тек қана өзара диалог шешеді. Мұның басында гуманистік идея тұр, олардың басты қайнар көзі – дәстүрлі діндер. Тоқаев өз сөзінде осы ойды қадап айтты. Діндер съезінде қонақтар тарапынан көтерілген мәселе, айтылған ойларды алдағы сандарымызда сараптап жазылады.   

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41