Қарапайым мұғалімнен – жанашыр депутатқа

Айжан БҮРКІТБАЕВА

15.09.2020, 10:09

323

      Әділжан Қыстаубай – мамандандырылған «Жанұя» кешенінің ұстазы. Педагогикалық еңбек жолын осы мектеп қабырғасында еңбек пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Аталмыш кешеннің тәрбиеленушісі Диас Сердалиевті мектепті тәмамдаған соң, өз қамқорлығына алған. Бүгінде Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер.

– Праймеризге қатысудағы мақсатыңыз қандай?

— Бұл сайлауға өзімді ұсынудағы басты ұстанымым: сөзден іске бет бұру, бүгінгі істелінетін дүниені ертеңге қалдырмау. Өз басым ұлттық тәрбиеге ерекше мән беремін. Патриоттық сезімді,  адамгершілікті, имандылықты қағидам ретінде ұстанып келемін. Қарапайым мұғалім болсам да, қазақтың болашағына өз үлесімді қосқым келеді. Егер мемлекетіміз Мәңгілік ел боламын десе, алдымен жастардың болашағына мән беруі керек. Білім мен ғылымды  дамытуға тиіспіз. Және ең бастысы – ұлттық тілімізге деген құрметті арттыруға міндеттіміз. Қазіргі таңда елдегі дамуға кедергі болып жүрген сыбайлас жемқорлықтан түбегейлі арылуға жұмыс істеуіміз керек.

– Қандай мәселелердің ұршығын үйірмексіз?

— Мен Түрксіб ауданының атынан сынға түсіп отырмын. Ауданда бір бағытта ғана қатынайтын жолаушы көлігі бар. Өзге бағыттарға жолаушылар қатынай алмайды. Су құбыры тозған. Осындай қарапайым мәселелерді шешуден бастағым келеді. Ең маңыздысы – қазақ-орыс мектептеріне қарсымын. Мектептің тек қазақ тілінде білім бергенін жөн көремін. Ұлт «ұлт» болмай, мемлекет мерейлі де, мәртебелі де болмайды.

Тегтер: праймериз партия білік билік бедел

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 18:41
Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз - «Ауыл» партиясы
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 16:11
Праймериздің әсері: 40 мыңнан астам азамат Nur Otan-ға кірді
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 10:43
Nur Otan батыс өңірлеріне қатысты қандай уәде береді?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:48
Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 16:45
Nur Otan праймеризінде дауыс беруге 700 мыңға жуық адам тіркелді
Дос КӨШІМ 22.09.2020, 10:10
Бізге әкімдерді сайлау емес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі керек

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27