Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты

Сайт әкімшілігі

12.08.2022, 08:47

2519

Таразда 17 адамның өмірін қиған әскери бөлімдегі жарылыс туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат жарылысқа әкеп соғуы мүмкін проблемалар туралы айтып, кінәлілерді атады. Жәбірленушіден айыпталушыға айналған ер адам барлығын ашық айтуды жөн санапты, — деп хабарлайды Жас Алаш КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арада бір жыл өтсе де болған оқиғаның мән-жайы жұмбақ күйде.

35 жастағы әскери қызметші Аслан Бақытжанов қайғылы оқиға кезінде бөлімше бастығының міндетін атқарушы болғанын, жұмыс барысында өрт сөндіру құралдарының жұмыс істемейтінін, кадр тапшылығын айтып басшылыққа сегіз рет шағым жазғанын айтады. Құрылғылардың жұмыс істемейтінін министрлік те, әскери прокуратура да білген.

«Егер мен жіберген өтініштердің барлығы дер кезінде орындалса, мұндай өрт болмас еді», — дейді Аслан Бақытжанов.

Әскери қызметшінің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні бөлімшеде өрт хабарлағыштары жұмыс істемеген. Қойма терезелерінен шыққан қою қара түтінді қарауылдар ғана байқаған.

Енді Асланға «жұмысқа салғырттық танытты, оқ-дәрімен жұмыс істеу ережесін бұзды» деген айып тағылып отыр. Онымен бірге бұл іске тағы бес адамның қатысы бар екені, оның екеуі әскер қатарына шақырылғандар, олар қоймалардың біріне жанып жатқан шүберек лақтырған деген болжам бар.

«Осы қойманы өртегендер кінәлі. Бұл қасақана жасалған әрекет. Оқиғаға куәгерлер, өртеген әскери қызметші өз кінәсін мойындап, қазір Тараздағы тергеу изоляторында отыр», — дейді бұрынғы әскери қолбасшы.

Тегтер: Тараз жарылыс әскери қойма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41