Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр

Әділ КЕМЕҢГЕР

24.11.2020, 09:13

8588

Қытайдың мақсаты – Ресей мен Қазақстан сияқты шекаралас елдердегі     жұмыс күшін біртіндеп ығыстыру

«Жер бетіндегі халық саны 7,3 млрд адамнан асып барады. БҰҰ есебінше, 2100 жылы планетада 11,2 млрд адам жүреді екен. Сол кезде кәдімгі қарапайым тіршілік үшін ұлы талас туындайды» деп ескертеді филология  ғылымының  кандидаты Нұртаза Қадырниязов.

      Ғалымның айтуынша, ортақ шекарамыз 1460 шақырымды құрайтын шығыстағы көршіміз Қытай адам саны бойынша әлемде бірінші орында. Өткен жылы 1 млрд 408 млн халқы болған. «Бір отбасы – бір бала» деген саясаттың күшімен Қытай билігі соңғы 35 жылда шамамен 400 миллион адамның дүниеге келуін тежей алды.

     2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытай билігі қалада екінші баланы тууға рұқсат берді. Сол кездегі сауалнама бойынша 40 миллионнан астам қалалық отбасы екінші баласын тууды жоспарлаған. Шанхайдың бір өзінде 2019 жылғы деректер бойынша 24,28 млн адам тұрады. (Пекинде 21,54 млн адам).

     Тууды шектеу саясатының кесірінен қытайлар, негізінен, ұл бала сүюге (УЗИ арқылы) басымдық берді. Соның салдарынан елде еркектер саны әйелдерден 34 миллион адамға көп. Қытайлық демографтар 2070 жылы ел халқының саны 2 миллиард адамға жетеді дейді. Бірақ қазірден-ақ Қытайдың барлық әлеуметтік мәселесі демография мен ҚХР-дың геоклиматына тіреліп отыр. Халық елге сыймай жатыр. Басы «артық» адамдар туып қойған, енді ештеңе істей алмайсың. Сонша адамға табиғи ресурстар жетіспейді. Қытай жерінің су қоры 250 млн-нан артық адамға, егіс алқаптары 330 млн, минералды ресурстары 950 млн-нан артық адамды көтере алмайды деген Қытай ғалымдарының зерттеуі бар.

      Ал іс жүзінде Қытай халқының саны 1,4 млрд адамға жетті: бұл әлеуметтік және табиғи нормалардың шегінен баяғыда асып кеткен.

Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін ҚХР мемлекеттік кеңесі Ресейдің Сібірі мен Қазақстанның халқы аз аймақтарына ішкі Қытайдан жұмыс күшін экспорттау туралы құпия қаулы қабылдауға мәжбүр болды. Соңғы жылдары Қытайдан кетіп жатқан азаматтар саны жыл сайын 30 пайызға өсіп отыр. Қазір 40 миллион қытайлық Қытайдан тыс жерде тұрады. Ресми дерек бойынша сыртқа экспортталатын жұмыс күші жылына 4 млн-нан астам қытайлық делінеді, бірақ ресми сандар әлемді тым қатты шошытпау үшін тым кішірейтіліп көрсетіледі.

     Ендеше Қытайдың басты мақсаты – Ресей мен Қазақстан сияқты шекаралас елдердегі жұмыс күшін біртіндеп ығыстыру. Қырғызстан мен Тәжікстанға Қытай онша қызықпайды, өйткені ол елдердің жері шағын. Ал 448,9 мың шаршы шақырымдық шағын территорияда (бір Қарағанды облысының жерімен (427,9) шамалас) 33 миллион халық тұратын Өзбекстанға қытайлықтардың күйі келмейді.

       Ресейдің қуатты армиясы бар. Қытаймен арада бұрын болған бірнеше шекаралық қақтығыстарды орыстар үнемі жеңімпаз болып аяқтаған. Қытаймен арада болуы мүмкін қарулы қақтығыстардан қауіптенген Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев (сол кезде сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев еді) 1997 жылы Қытай дауласқан 407 шаршы шақырым жерді беріп құтылды. Шекара мәселесі шешілген соң, Қытай Қазақстан билігімен «достық қарым-қатынас» орнатуға кірісті. Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық жоспары аясында Батыс Қытай–Батыс Еуропа көлік дәлізінің құрылысы бойынша елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен үндесті (2015-2025 жж.).

       1997 жылдан 2019 жылға дейін көптеген ірілі-ұсақты мұнай-газ кеніштерінің акциялары қытайлардың меншігіне сатылды. Қазір қытайлықтар Ақтөбе облысында өндірілетін мұнай мен газдың – 97, Қызылорда облысында – 61, Маңғыстау облысында – 30, Атырау облысында 11 пайызын бақылайды. Бейресми бағалаулар Қытай Қазақстанға 80 млрд долларға дейін инвестиция салған деседі.

       – Қазір Қазақстанда қанша қытай жүргенін білмеймін, бірақ ҚР ІІМ ресми статистикасына сәйкес, 2000-2015 жылдары елде 693 516 қытай тіркелген. Ал Қытай ЖОО-ларында қазір 15 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр. Қазақстанмен мәдени делегация алмасу бойынша Орталық Азия елдері ішінде Қытай бірінші орында.

       Қазақ халқы 1916 жылғы көтеріліс, 1917-20 жылдардағы азаматтық соғыс, ұжымдастыру мен одан кейінгі аштық (1928-30) кезінде көрген демографиялық соққыдан (2,5 миллион адам өлді) әрі күнге дейін есеңгіреп жүр. Сталиннің қуғын-сүргіні мен Екінші дүниежүзілік соғыс қазақты оңдырмай жалмады, – дейді сарапшы.

                                Әр қазақ енді ойлануы тиіс

      – Әр қытай Қазақстанға келгенде бос жатқан, игерілмеген миллиондаған гектар жерді көреді. Сосын, көреалмаушылық туындайды. Бұл жағдайдан шығатын жол бар ма? Әрине, бар. Ол бөлек әңгіме. Ең бастысы, құнды уақытты текке жібермеу керек. Ол уақытты біз ешқандай ақшаға сатып ала алмаймыз. Саясатта, экономикада және, ең бастысы, Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігін сақтауда қазақтың ұлттық ресурсы мен әлеуетіне негізделген адам ресурсы маңызды. Біздің мемлекеттік шекарамыз осылай тұра береді деп сенуге болмайды. Сенбесеңіз, Голан биіктігі, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Қырым, Косово, Днестр жағалауы, Таулы Қарабақ, Шығыс Тимор, Оңтүстік Судан, Солтүстік Кипр, Сирия, Палестина – бұл тізімді жалғастыра беруге болады, – дейді Нұртаза Қадырниязов.

Тегтер: мемдекет одақтас. республика саясат пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:10
Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.01.2021, 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 21.01.2021, 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 21.01.2021, 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 21.01.2021, 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30