Қазақ, қайда қашасың?

Сайт әкімшілігі

24.09.2020, 10:37

2166

Ресейлік «Правда.Ру»  басылымының Любовь Степушова деген журналист әйелі «Архонт» журналының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Антон Бредихин деген білгішпен орыстың көзқарасымен Қазақстан туралы әңгіме төңірегінде сұхбат құрған екен. Сұхбаттары тым қызық тақырыпта өрбігесін, оны «Жас Алаш» оқырмандарына аударып бергенді жөн деп таптық.

 Сонымен, «Қазақстан: Ресейдің мүдделері мен қорқынышты Қытай» деген тақырыппен жарық көрген сұхбат мынау екен:

– Батыстың тұрақсыздандыруға кезегі келген келесі мемлекеті Қазақстан болады деп санаймын. Украина, Армения, Белоруссия болды өйткені. Батыстың Қазақстанды шайқау жоспары бар ма, сіздің ойыңызша?

– Олар Қазақстанға баяғыда жетіп алған. Қырғызстанда осымен бірнеше революция өткенін ұмытпайық. Соның тәжірибесімен Батыс Орталық Азия үшін Ресеймен, Қытаймен қандай бәсекелес бола алатынын бағалап көрді. Бірақ енді Қазақстанға келгенде, олар революцияның әлдеқайда ауқымды моделін дайындауда, өйткені Қазақстанда шығыс пен батысқа бөліну деген жоқ.

– Дін факторы Қазақстанда бар емес пе?

– Дін факторы бар, бірақ ол елде ислам да, православие де бар екенін айтайын. Бұл елдің батысында салафиттер жайғасқан. Оны қазақтың кіші жүзі ұстанады. Елдің батысында экстремисттік қозғалыстар жиі анықталады. Жүз демекші, оларда элита факторы бар. Мәселен, Назарбаев пен Тоқаевтары, үкіметтегі шенеуніктері мен ірі бизнесмендері ұлы жүзден тарайды. Рушылдық бар қазақта. Еркектер қанымен жүретін аталық жол. Соның салдарынан, ру мен жүзге бөліну факторы қайшылықтар туғызып, Қазақстанда әлі күнге дейін біртұтас қазақ қоғамы жоқ.

– Қазақтар оған пәлендей қайғырмайды ғой?

– Қазақ деген тым жас ұлт, әрі бұл елде Кеңес одағы жақсылап тұрып, жұмыс істеп кетті. Қазақтар советтік билік тұсында пайда болды, оған дейін олар қырғыз-қайсақ немесе жай ғана қырғыз болатын. Жалпы алғанда, қазақта ортақ бірлік, ортақ идентификация жоқ, бүкіл ел бірдей ұстанатын ортақ діни ұстанымы да жоқ, элиталар арасында, бай мен кедей арасында терең алшақтық жатыр. Мұны Батыс та, Шығыстағы Қытай да өз мақсатында оңай пайдалана алады. Бұл елде Қытай деген өте белсенді фактор болып отыр.

– Ресей ше? Орыс факторы жоқ па, Қазақстанда?

– Ресейдің әскері тұр. 90-шы жылдары, 2000-шы жылдары Қазақстаннан славян мен ұлты неміс халық жаппай көшті. Тіпті, менің селома да талай отбасы Қазақстаннан көшіп келген болатын сол жылдары. Қазақстанда орыстардың үйлестіру кеңесі және басқа да біраз ұйымдар жұмыс істейді. Бірақ олар кезінде тың игерген, қалалар салған, өнеркәсіпті құрған Қазақстанның славян тұрғындарын қолдау үшін жұмыс істемейді. Интеллигенция керек болмай қалып, әлгі интеллигенцияның Қазақстаннан кетуіне тура келді. Қазақстанның шығысы – бұрынғы казактардың жері ғой.

– Иә, бұл рас!

– Тоқаев келгенге дейін Назарбаев өзіне қарсы келмейтін түрлі құрылымдарды белсенді түрде құрып келді, бірақ оның бәрін АҚШ-пен бірлесіп жасады. Әлгі атаман Захаров деген бар емес пе, өзін дүниежүзілік атаманмын деп, таныстыратын, оның ЦРУ-мен тікелей байланыстары бар, ол америкалық казак өкілдерін жаппай тартуда. Қазақстан билігі әдемі атаулармен алдап, шындығында, орыс пен славян халқының мүддесіне қарсы келетін жалған ұйымдар құруға құмар болды.

– «МедиаМетрикс» деген сайттан оқып едім, онда Қазақстанның Усть-Каменогорск деген қаласында тұрғындардың 51% орыстар екен және олар Ресейді жақтайды екен, деген мақала шыққан.

– 1994 жылы ол қалада орыс автономиясы құрыла жаздаған, бірақ билік сепаратистерді тарқатып жіберді. Ол жақтағы орыстар көшелердің атауын өзгертуге қарсы шығады. Қазақтар ол жерде өзін жетім сезінеді. Владимир Путиннің сөзіне оралайық. Ол 1991 жылы Ресей барлық мемлекеттерге сыйлық ретінде орыстың жерін ұстатып, жан-жаққа жібере салды деді.

– Ол ымдады сол сөзімен. Қалай қайтармақ? Кеңес одағын қайта құра ма?

– КСРО болмайды енді, біз дамудың ондай кезеңінен өтіп кеттік. Біз посткеңестік кеңістікте интеграцияның жаңа формасына келуіміз керек. Белоруссияда болып жатқан оқиға – Ресеймен бірге болудың дұрыс екенін көрсетіп отырған, жарқын мысал. Оларға Батыстан ғана емес, Қытайдан да қауіптену керек.

– Қытай дейсіз бе?

– Олар жақсы біледі. Ертең қытай келсе, орыс Иванға қарай қашудан басқа амал жоқ екенін. Қытай шетінен бауыздайды өйткені. Территориялық дауларда Қазақстан онсыз да талай жерін Қытайға бере салуға мәжбүр болды. Ерте мен кеш пе, мейлі, жүз жыл, екі жүз жыл өтсін – Қытай Қазақстанды басып алуды көздейді. Қазақстанның шығысынан ақырындап, орыстар кетіп жатса, олардың орнын қытай басып жатыр. Айналып келгенде, Қазақстанның бізбен бірге бір мемлекет болып қайтып оралуына тура келеді.

– Бұл, әзірге, байқалмайды. Олар көпвекторлық туралы айтады, элитасы түгел ұлтшылдар, Ресейге бет бұру деген, ойлары жоқ қой…

– Өйткені біз ақша билеген заманда тұрмыз қазір. Қазақстандағы ең бай деген үш топ не Назарбаевпен байланысты, не трансұлттық – еуразиялық немесе корейлердікі. Шын билік соларда, түрін теледидардан күнде көрсететін тұлғаларда емес. Ал олардың бизнесі Ресеймен тікелей байланысты. Олар, тіпті, Тверской даңғылындағы коммерциялық жылжымайтын мүліктің көбін сатып алған. Қазақстанның шын билігі, шын элитасы Ресейсіз өмірді көз алдына елестете алмайды. Сол элиталардың «арқасында», Қазақстан мен Ресей экономикасы іс жүзінде біріккен экономика болып отыр. Қазақстан біздің жүйемізбен, біздің экономикамызбен біте қайнасқан. Олар қайда қашады?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 12:37
Әкімдік Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынып жатқанына түсінік берді
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:46
Тағы 100 мыңнан астам мұқтаж отбасы «Birgemiz» қорынан көмек алды –Байбек
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 16:30
Байбек Жаңаөзенде азаматтарды қабылдады
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 09:17
Жээнбеков ТЖ кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді - экс-премьер
Сайт әкімшілігі 15.10.2020, 15:28
BizBirgemiz: Байбек Маңғыстауда Елбасы тапсырмаларының орындалуын тексерді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 15.10.2020, 11:41
Президенттің сапары басын июден басталды

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33