Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Сайт әкімшілігі

22.01.2021, 13:10

2970

Қазақстан тумасы Асель Робертс АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды АҚШ үкіметінің сайты, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Әсел К.Робертс 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ протоколы бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Хаттама бастығы кеңсесінде 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, соңғы уақытта аға кеңесші лауазымында болды.

Әсел Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Халықаралық қызмет мектебін «Халықаралық құқық және ұйымдар» бакалавры бойынша бітірген Ол орыс, қазақ және жапон тілдерін біледі.

Бұған дейін дипломатиялық ортадағы дереккөздер Әсел Робертс (бұрынғы тегі  - Төленова) АҚШ президентінің хаттамасында жұмыс істеп жатқанын айтқан болатын.

Ол 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, бес жылдан кейін АҚШ президентінің хаттама бөліміне қызметке орналасты. 2014 жылы ол бөлім бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Әсел Қазақстаннан АҚШ-қа жасөспірім кезінде көшіп кетіп, Америкада орта мектепті бітірген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.03.2021, 11:18
Тоқаев Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы туралы айтты
Батыр ЖАСҰЛАН 05.03.2021, 09:23
"Жер кодексіне" түбегейлі өзгерістер қажет
Әділ КЕМЕҢГЕР 04.03.2021, 11:01
Қазақтан келін алған Раудың басы дауға қалды
Күлтегін БЕК 04.03.2021, 09:33
Айырқалпақтылардың «айрықша» президенті
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.03.2021, 09:18
Байқа, билік, байқа, полиция! Ертең заңгерлер митингіге шығады
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 15:44
Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44