Қазақстан – Алтын Орда мұрагері

      Қазақ мемлекеттілігінің тарихы кемінде 2500 жыл әріде жатыр

Сайт әкімшілігі

02.06.2021, 09:09

4308

28 мамыр күні елордада «Улуг Улус – Золотая Орда: истоки, история и наследие» деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев: «Без всякого преувлечения можно утверждать, что Золотая Орда – это колыбель Казахской государственности!» – деп салды.

        «Бұл, әрине, ақиқатқа негізделген ресми ұстаным, ресми көзқарас. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік мерзіміндегі тарихқа қатысты ең батыл саяси мәлімдеме», – дейді әлеуметтік желіде жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы.

Жазушының ойынша, «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» деген шолақ тұжырымның қателігін биліктің өзі де мойындай бастады:

       «Әрине, Дәурен бауырымыздың «Золотая Орда – это колыбель Казахской государственности!» дегені, сірә, ресейлік оқырмандарға, Жирик пен Никоновтарға арналған сауат ашу дәрісі шығар. Ақиқатында, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сонау Қаңлы мемлекетінен (б.д.д. ІV ғ. – б.д. ІІІ ғ. немесе одан да бұрынғы Үйсін мемлекетінен б.д.д. VІІІ ғ. – б.д. V ғ.) басталуға тиіс. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы кемінде 2500 жыл әріде жатыр.

Бірақ, ең бастысы, сең қозғалды. Қаншама уақыттан бері «Қазақстан – құқықтық тұрғыдан да, аумақтық тұрғыдан да, этностық тұрғыдан да Алтын Орда мемлекетінің мұрагері» деген тұжырымды жиындарда, әлеуметтік желілерде биліктің құлағына құйып, санасына сіңіріп келеміз. Ақыры осындай дауыстардың жоғары жаққа жеткеніне, ұлт игілігі үшін кәдеге жарағанына қуаныштымыз.

         Білім және ғылым министрлігінің жанынан Жошы ұлысын зерттейтін ғылыми институт құрылатыны да құптарлық қадам. Алтын Орданың дәуірлеген кезеңінде қазақ халқының этногенездік портреті қалыптасқаны да рас.

Сарайшық қаласы – Жошы ұлысының астанасы, Ноғай ордасы мен Қазақ хандығының рухани орталығы болғанын білеміз. Алтын Орданың Жанкент, Жент, Баршкент, Түркістан өңірінде Сығанақ, Сайрам, Яссы, Созақ сияқты қалалары өмір сүргені бүкіл тарихшыларға мәлім.

         Дәуреннің «Алтын Орда – өткен тарихымыз ғана емес. Ол – ең алдымен бүгініміз бен болашағымыз» дегені ұнады. Алтын Орда бір орталықтан басқарылатын мемлекет болғаны, жәмшіктік қызмет сияқты байланыс жүйесі істегені, қала мәдениеті қалыптаса бастағаны, ханафи мәзһабы имандылық негізінде рухани тұтқаға айналғаны өте орынды түрде еске алынды. Қазақстан Алтын Орда мемлекетінің мұрагері екені жан-жақты дәлелденді. Енді осы бағыт тиянақты түрде насихатталуы, әсіресе орыс тілінде құжаттық және әдеби дүниелердің көптеп шығуына және таратылуына мұрындық болуға тиіс», – делінеді публицистің фейсбуктегі постында.

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 10.06.2021, 08:49
«Медаль алғыш» Мамин міз бақпай отыра бере ме?
Әділ КЕМЕҢГЕР 10.06.2021, 08:44
Біз бұларға қалай сенеміз?
Батыр ЖАСҰЛАН 08.06.2021, 08:45
Мәскеудің лас ойынына біз неге араласуымыз керек?
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.06.2021, 08:57
Әй, «Самұрық-Қазына»! Халықтың ақшасын қашанға дейін шаша бересің?
Сайт әкімшілігі 04.06.2021, 08:44
Сең қозғалған секілді
Батыр ЖАСҰЛАН 03.06.2021, 09:02
Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02