Қазақстан БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер ұсынымдарын қолдады

Еркежан АРЫН

22.07.2021, 13:28

695

     Өткен аптадағы брифинг барысында әділет вице-министрі А.Ахметова ұсынымдар азаматтық қоғамның қатысуымен қаралып, өткен жылдың маусым айында оларды іске асырудың 2020-24 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспары бекітілгенін хабарлады. Жоспар 18 бөлімнен тұрады және 77 іс-шараны қарастырады.

     Ұсынымдарды іске асыру барысын азаматтық қоғамның қатысуымен талқылау тұрақты негізде жүргізіледі. Бүгінгі күні 214 ұсыныстың азаматтық қоғам көтеретін өзекті мәселелер бойынша 20 пайызға жуығы орындалды.​Саяси реформалардың бір бөлігі сайлау заңнамасына әсер етті, парламенттік оппозиция институты (азшылық) енгізілді, парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан парламенттің басшылық құрамы лауазымына кандидатура ұсыну құқығына кепілдік берілді. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) тепе-тең сайлау жүйесі бойынша сайланады.

       Партия құру үшін тіркеу кедергісі екі есе азайды. Сайлау партиялық тізімдеріне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Саяси партиялардың парламент мәжілісіне өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді, бұл саяси бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізілуде. Сайлауға үміткерлер кандидатураларын өз бетінше ұсына алады немесе сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызынан кем емес қол жинау арқылы саяси партиядан үміткер бола алады. Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінің нысандарына балама позицияны білдіру үшін «барлығына қарсы» бағандары енгізіледі.​

       Биыл 11 маусымда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді. Жоспар президенттің 2021 жылғы 11 маусымдағы «ҚР-ның Адам құқықтары саласындағы актілерді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлығын іске асыру үшін қабылданған болатын.

      Жоспарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, адам саудасы құрбандарының, мүгедек азаматтардың және азаптаулар құрбандарының құқықтарын, сондай-ақ бірлесу және өз пікірін білдіру бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және т.б. көзделеді.​

        Биыл 2 қаңтарда өлім жазасын жою туралы хаттама ратификацияланды. Әділет вице-министрі А.Ахметова брифинг барысында үкімет бұл мәселе бойынша қылмыстық заңнаманы хаттама ережелеріне сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазақстанда өлім жазасына мораторий ресми түрде 2003 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданылады. Өмір бойына бас бостандығынан айыру 2004 жылы балама жаза ретінде енгізілді.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 09:03
Қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды
Сайт әкімшілігі 08:54
«Құрметті олигархтар» қазақ спортын құртыпты
Еркежан АРЫН 03.08.2021, 16:50
Қазақстан – Еуроодақ: сот саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:42
Азаматхан Әміртай: ҚазҰУ-дағы дау: студенттер жатақханасыз қалмақ па?
ІІМ ӨҚД бастығы А.Саданов 03.08.2021, 09:14
Түрмеден хат: Тұрғынбаевтың жауабы қысқа болды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:32
Түркиядағы өрт: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58