Қазақстан федерация форматына көшсе...

Сайт әкімшілігі

23.11.2022, 07:18

745

Тоқаев сайлауда жеңді, тағы жеті жыл президент болатынын біліп оянды. Жеті жылда не істеуге болады?

— Біріншіден, ең алдымен, команданы толығымен жаңарту керек, қасарысып, қырсыққандарға қарамастан. Тоқаевтың өз командасы болғаны емес, жалпы, жаңару болғаны маңызды. Әсіресе, үкіметтегі экономикалық блокты толығымен жаңартуға тура келеді, – дейді экономист Расул Рысмамбетов. Екіншіден, өңірлердегі элиталарды толығымен ауыстыру керек. Әкімдер, әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары, басқарма бастықтары дегендердің бәрі ескіше жұмыс істеуге әбден үйреніп алғандар. Билікке жағынатын кей сарапшылардың «Тоқаев Назарбаев емес» дейтін сөзін солай дәлелдеу керек.

– Экономикада дербестік болуы тиіс. Шешімнің бәрін Астанадан шалынған қоңырау шешпей, елде 20 өңір болса, шешім қабылдайтын 20 орталық болсын. Өңірлерді дамытуға келгенде, федералдық көзқарас қабылдауымыз керек. Өйткені Астана өңірлерге не керектігін білмейді.

Әр өңірдің өз мәслихаты сайлайтын әкім сол өңірдің адамы болып, сол аймақтың президенті іспетті болуы тиіс. Облыс тым үлкен болса, аудан әкімдері өз ауданына президент болсын. Қысқасы, Астанадан келіп түсетін бұйрықтардың азайғаны жөн.

Сыртқы саясатқа келсек, бізге аймақтық оқшаулану саясаты керек. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан өз аймағындағы жағдайдың жайлы болуын өзара реттеп, содан кейін барып Ауғанстан, Моңғолия, Иран, Түркия, Таяу Шығыспен сауда-саттықты қарастыру керек. Ресейге келсек, кемінде, алдағы екі-үш жылда Ресейден санкциялар алынбайды. Ендеше, Қазақстанның Ресеймен арадағы сыртқы сауда үлесі әлі де азая береді. Бізге картаны теріс айналдыру керек. Осы уақытқа дейін нарық және транзит ретінде тек солтүстікке, Еуропаға қарап келдік. Жоқ, бізге Қытай, Таяу Шығыс, ең бастысы, өзіміздің қалай өмір сүретінімізді өзіміз болып шешуіміз керек. Бай көршілері болмаса, Қазақстан да байымайды. Қазақстан біреуге экономикалық «үлкен брат» болсын дегенім емес, Қазақстан бағыты мен басымдықтары өзгерген, жаңа, тең құқылы серіктес болуы тиіс.

— Бізге өзгелерге мысал болу керек, әрбір әкімін президенттей көріп, жақын көршілерімен бірігудің арқасында, даму мен жайлы тіршілікке жетуге болатынын көрсетсек, – дейді сарапшы.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43