Қазақстан «Ресеймен дос болудың» салдарын тартуда

Әділ АҚЫЛБАЙ

23.02.2021, 09:39

4072

Украина үкіметі ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеуден бас тартты. Сол екен, Ресей билігінің үгіт-насихатын теледидардан күндіз-түні қарша борататын Кремльдің итақайлары тағы шабалаңдай жөнелді. «Спутник V» вакцинасынан теріс айналған Киев өз халқын өлімге тігіп отыр» деп, қара аспанды төндірген олар есесіне Украина халқының ағылшындар мен шведтер бірлесіп әзірлеген AstraZeneca/Oxford вакцинасын тегін дерлік алып отырғаны туралы жақ ашпайды.      Украина не істеді? Олар әлемнің көптеген елдері сияқты қатардан қалмай, COVAX бағдарламасына қатысуда. Ол бағдарламаға сай, бай мемлекеттер Оксфордтың вакцинасын сатып алып, бір бөлігін өзіне, қалған бөлігін кедейлеу деген елдерге тегін береді. Ал өндіруші тарап вакцинаны үстіне ешқандай артық құн қоспай-ақ, алушы елге жеткізіп береді. Украинада осы бағдарлама аясында 2,2 миллион AstraZeneca/Oxford вакцинасы мен 117 мың Pfizer/BioNTech вакцинасын тегін алды. Бұл әзіргесі ғана. Жоспар бойынша Украина халқының 20 пайызы тегін вакцинамен қамтамасыз етіледі екен. Ал қалғанын Киев бір тиын да артық төлеместен, таза өз бағасымен сатып алады. Ол вакцинаның бір дозасының бағасы логистикалық шығындарына байланысты шамамен 3-7 доллардан аспайды, екі реттік вакциналауды ескергенде, 7-14 долларға шығады.        COVAX бағдарламасы бойынша тегін вакцина бұрынғы кеңестік елдердің бәріне дерлік бөлінді. Олардың арасында тек Қазақстан сияқты Ресеймен ауыз жаласқан елдер ғана жоқ.

       Мәселен, Өзбекстан – 2,6 миллион, Тәжікстан – 732 мың, Әзірбайжан – 506 мың, Қырғызстан – 504 мың, Армения – 146,4 мың,  Грузия – 184,8 мың AstraZeneca/Oxford және 29,3 мың Pfizer/BioNTech вакцинасын тегін алды. Тіпті Молдова да 156 мың доза AstraZeneca/Oxford және 24,6 мың доза Pfizer/BioNTech вакцинасын алған екен.        Қазақстан соншалық бай мемлекет емес. Былтыр COVAX бағдарламасына қатысып отырған жерімізден, астымыздан су шыққандай, ол жобадан шығып кеттік. Ендігі бай елдер тегін таратқан вакцинаны біз де алып отырар едік.  Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов Қазақстанның COVAX бағдарламасынан шығуы туралы шешімді «бағдарламаның жүзеге асырылуында қиындықтар бар» деп түсіндірген.       Шындығында, «қиындық» біреу-ақ: Кремль ақшадан айырылғысы келмеді. ДДСҰ Ресейге «Спутник V» вакцинасымен бірге COVAX бағдарламасына қатысуды ұсынды. Кремль бұдан бас тартты, өйткені келіскен жағдайда өз вакцинасын көрші елдерге үстіне баға қоспай сатуына тура келер еді.       Қазақстан Ресеймен тым жақын достығының кесірінен енді тек ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алуға мәжбүр. Айтпақшы, оның бір дозасы шамамен 10 доллар тұрады, екі рет салынатынын ескергенде, 20 доллар дей беріңіз. Бұл жоғарыда айтылған батыстық вакциналардан әлдеқайда қымбат.

Тегтер: Ресей. Қазақстан ықпалдастық ынтымақтасу форум шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.03.2021, 11:18
Тоқаев Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы туралы айтты
Батыр ЖАСҰЛАН 05.03.2021, 09:23
"Жер кодексіне" түбегейлі өзгерістер қажет
Әділ КЕМЕҢГЕР 04.03.2021, 11:01
Қазақтан келін алған Раудың басы дауға қалды
Күлтегін БЕК 04.03.2021, 09:33
Айырқалпақтылардың «айрықша» президенті
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.03.2021, 09:18
Байқа, билік, байқа, полиция! Ертең заңгерлер митингіге шығады
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 15:44
Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44