«Қазақстан Ресейсіз күн көре алмайды...»

Әділ КЕМЕҢГЕР

09.09.2021, 08:54

2782

      «Қазақстанда Назарбаевтың дәуірі бітіп, оның орнына қазақтың ұлтшылдары келіп жатыр» деп көкіпті  Ресейдің «Правда» дейтін газеті. Сосын, «қазақтардың ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығып кетпек ниеті бар» депті. Ең қызығы, «осы ұйымдардың мүшелігінен бас тартқаннан кейін Қазақстанды не күтіп тұр» деген сараптама жасалыпты.

       Қазақстан билігіне ұлтшылдар келсе, бұл мемлекет Америкаға, Қытай немесе Түркияға қарай бет бұрып, ЕАЭО-дан шығып кетеді. Бұл қадам Қазақстан үшін мынадай өзгерістерге әкеп соғады екен дейді.

1. Импорттық және экспорттық баж салықтары кемінде 20 пайызға көтеріледі. Ресеймен тауар алмасу күрт азайып, елдің жалпы ішкі өнімі төмендейді. Қазір ЕАЭО-ның арқасында қатысушы елдер арасындағы импорттық тариф 0 пайыз және Қазақстанның импорты мен экспортының 60-70 пайызы Ресей территориясы арқылы тасымалдануда. Баж салығының көтерілгені Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілетін төмендетеді.

2. Қазір Ресей арқылы тасымалданып жатқан қазақ мұнайын сату қиындайды.

3. Ресеймен «ажырасқан» Қазақстанда интернет қымбаттайды, өйткені бұл салада да ресейлік линиялар қолданылуда.

4. Қазақстанның Ресейге қарап отырған машина құрастыру өнеркәсібі құрдымға кетеді.

5. Шекарадағы сауда-саттықпен күн көріп отырған Қазақстандағы көптеген отбасылар аш қалады.

6. Ресейдің инвестициясы азаяды. 2020 жылы Ресей Қазақстанға 15,3 млрд доллар құйған.

7. Қазақстан ресейлік технологияларды тегін алуын доғарады. Қазақстан, мысалы, «Спутник V» вакцинасын өндіру технологиясын тегін алған. Жалпы, Қазақстан экономикасы бүтіндей Ресей беріп отырған технологияларға тәуелді.

8. Қазақстандық студенттер ресейлік гранттардан айырылады. Бұл деген шамамен 70-80 мың студент, негізінен, инженерлік мамандықтар бойынша.

9. Қазақстан ауған қатерімен бетпе-бет келеді, Ресейден қару-жарақ сатып ала алмай қалады.

      Қазақстан сияқты экономикалар өз бетінше күн көре алмайды. Оларға қолдаушы керек. Ресейдің босаған орнына ұлтшылдарға жағу үшін «Ұлы қазақ ұлты жасасын!» деген ұранмен АҚШ, Қытай не Түркия келеді.

«Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінер» деген мақал бар қазақта. Қытай бұларды қарызға батырып, түбі құртып жібереді.

      Анда-санда Тұран мемлекетін құру керек деп желпініп қоятын Түркия іс жүзінде біреуге көп ақша беріп қоятын, өз нарығын ашып қоятын ел емес.

АҚШ деген – табиғи ресурстарға тоймайтын ел. Олар онсыз да қазақ жерінің табиғи ресурстарын игеріп отыр. Демократия құрыңдар дейді, ондай демократияда коммуналдық тарифтердің бағасы удай болып, жұмысссыздық өршиді.

      «Егер осының бәріне көнсе, қазақтар Ресейден аулақ кете берсін», – депті ресейлік Тимошкина және Степушова деген журналистер. Осылайша  ресейліктер біресе қазақтың жерін даулап, біресе «бізсіз өзгеге жем  боласыңдар» деп үркітуге көшті. Не дейміз, «ит үреді, керуен көшеді» дейміз де  қоямыз. Өйткені  біздің  биліктің оларға сес көрсетіп, жауап беруге жігері  жетпейді. Кремльдің қаһарына ұшырап қаламыз ба деп қорқады. Содан  болар, Мәскеу «жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, бізді төпелеп-ақ жатыр. Қайтпек керек?

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31