08.06.2023, 16:57
1730
Мамырда Қазақстанның батысында 53 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды, — деп хабарлайды Жас Алаш "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, айдың басында республиканың батыс жартысында, ал айдың аяғында Қазақстанның басым бөлігінде жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райы байқалды, бұл температуралық рекордтарға алып келді.
«1 мамырда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді, осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңарды, Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максимал температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалды, Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты, 2 мамырда дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты, Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) термометр бағаны +32,2°С белгісіне жетті, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңарды», — делінген хабарламада
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР