Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді

Әділ АҚЫЛБАЙ

19.01.2022, 00:00

15561

Ол да бірдеңені сезген екен. Үндістанның Гоа штатының Махараджа Александр деген орыстілді тұрғыны, YouTube блогері осыдан бір жарым жылдай уақыт бұрын 2020 жылдың қыркүйегінде үндістандық атақты көріпкел әйел Арченамен сөйлесіп одан алыстағы Қазақстанның тағдыры туралы болжам жасауын сұрапты.

Ойда-жоқта естеріне қайдағы бір Қазақстан қалайша түсе қалғаны қызық. Блогердің өзі де мойындайды, Қазақстанның әлемге көп жаңалығы жете бермейтін жабық, көпшілік көз тіге бермейтін беймәлімдеу ел екенін. Сонда да ол көріпкелден Қазақстанның энергиясы қандай, ол елді қандай өзгерістер күтіп тұр революция бола ма, Құдайдың Қазақстан тұрғындарына көзі қалай түсетінін сұрапты.

Сонымен көріпкел былай деген екен: «Бір жарым жылдай бұрын. Ал, естіген құлақта жазық жоқ. Қазақстан деген елден екі түрлі энергия көріп тұрмын. Бірі қазақтар тұратын жер, екіншісі сол жерде құрылып тұрған мемлекет. Қазақстанның жері шексіз байлыққа толы елдің мүмкіндіктері өте зор екен. Бірақ дамудың мол мүмкіндіктерін пайданала алмай мемлекет қазір бір орында тежеліп, дағдарыс пен тоқырауға ұшырап отыр екен. Бұл елде ежелден халықтың сексуалдық энергиясы барынша басып-жаншылып қалғанын көріп тұрмын. Ұжымдық сана тарылған. Сексуалдық энергияның жаншылып қалуынан есесіне ашу мен ызаның, қаһардың энергиясын көріп тұрмын. Қазақстан халқында адамның қалауы мен тілеуіне жауап беретін үшінші чакраның тұсында бұлқыныс бар екен. Бұл энергияны бірақ жасампаздыққа, ерлікке, шығармашылық пен дамуға жұмсау қажет. Қазақстанның мүмкіндігі көп, бірақ олар қазір қай жолды таңдауын білмей, дағдарып тұрған сияқты. Қазақстан халқының іштей үлкен тілегі бар екен ол тілек сыртқа шығуы тиіс. Өзгеріс болады ол елде. Өшпеу үшін, даму үшін, өрлеу үшін. Қазақстанның энергиясы ел мен қоғамның әбден тұралап қалғанын байқатады», – дейді Арчена.

Революция ма, эволюция ма?

– «Дәл қазір Қазақстанды белгілі бір коммерциялық бизнес-құрылымдар билеп-төстеп отыр екен.  Бүкіл Қазақстан соларға жұмыс істеп тұр деуге болады. Халықтың өз мүддесі үшін күресінен гөрі әлгі бизнес-құрылымдардың өз мүдделері үшін күресі мықтырақ екенін көріп тұрмын. Бірақ алдағы уақытта Қазақстанда қан төгіліп, қақтығыс болып, бір қирататын, талқандататын оқиғалар болатынын көріп тұрмын. Үлкен толқу күтіп тұр екен. Басқа елдермен де шекісетінін көріп тұрмын. Халық қатты абыржып, бір дүрбелең болады. Ессіздік пе, әлде күйзелу ме, Қазақстанды сондай бір энергия күтіп тұр алдағы уақытта. Бұған әбден тұрып қалған, елдің алға жылжуын тежеп отырған ескі энергия себеп болады.  Өйткені ескі энергия іске аспай, кәдеге жарамай, елдің дамуы үшін қолданылмай қалыпты. Қазақстанда бұғатталған энергия көп екен, оның бәрі бір күні белгісіз бір формада сыртқа бұлқынып шығады. Ертең елде терең толқыныс болады. Елдің қазіргі билігі халықтың мұң-зарын, шағымдарын көрмейтін-білмейтін жағдайда сияқты. Қазақстанда бүлік болатыны сөзсіз, ел одан қашып құтыла алмас. Қазақстанның талай жылдардан бері, бірнеше буын бойы құрылып келген негізгі тіректері шайқалып құлайын деп тұр. Ескі энергияның орнын жаңа энергия әне-міне басқалы тұр. Қазақстан билігінде пәрменді төңкеріс болады. Күтпеген жерден, көктен түскен жайдай болады. Билік әп-сәтте тоңқалаң асады. Бүкіл жүйе шайқалып, жалп ете түседі. Адамдар өлетінін көріп тұрмын, үлкен қайғы келеді. Оның бәрі үлкен ескі иллюзияларға байланысты. Ол жағдайда халыққа өзгерістерді ашық құшағымен қарсы алып, сөзсіз орнайтын өзгерістерге қарсыласпаған жөн болады. Қаласаң да, қаламасаң да Қазақстанның маңдайына жазылғаны осы. Соғыс болады, адамдардың жаны да, тәні де жараланады.  Бұл өзгерістердің не үшін болып жатқанын Қазақстан халқы түсінгені маңызды. Қазақстанда өзгерістің үрдісі қазірден-ақ басталды. Қазақстанның бір циклі аяқталайын деп тұр. Елде наразылықтар барған сайын өрши береді. Қазақстанда болатын өзгерістердің алдын алу адамзаттың қолынан келмейді, бұл Құдайдың ісі. Бірақ Қазақстан күйрейді екен деп еш өкінуге болмайды, өйткені одан кейін Қазақстанда жаңа кезең, басқа уақыт орнайды, дамудың мүмкіндіктері ашылады. Бір транзит пе, басқа кезеңге өту ме, әйтеуір сондай бір зор өзгерісті көріп тұрмын. Бұл Қазақстанның адамдары мен елдің өзі үшін өте маңызды уақыт болады. Қазақстанның өзгеруі үшін халық осындай қайғылы оқиғаны бастан өткереді. Қазақстанда жүйе құлайды, бірақ елді түбі жақсылық күтетін болады. Қазақстан бейне бір жаңадан туғандай болады. Ел тазарады, Қазақстанның бағына ең биік бір әділеттілік бұйырғалы тұр. Әділдік толықтай орнайды. Қазақстандағы оқиға ғаламдық масштабта барша әлемге әсері мен ықпалын тигізбек адамзатқа одан қорқатын ештеңе жоқ. Қараны ақ жеңеді ақыры. Қазақстанда шындық озатын күн туады әбден бұғылулы болған әділдік энергиясы бұл елде бәрінен мықты болады. Түбі тыныш, тұрақты, ел-жұртының бәрі бақытты болатын бейбіт өмір туады», – дейді көріпкел.

Міне, үндістандық көріпкер әйел – Арченаның айтқаны. 2020 жылдың 3 қыркүйегінде. Сенбесеңіз, бұл сұхбат YouTube-те әлі тұр. Сенбесеңіз, көріңіз!

Тегтер: саясат пайым пікір мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56