10.01.2021, 20:10
611
Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды. Бір сағаттан кейін уақыт айырмашылығына байланысты батыс аймақтарда дауыс беру аяқталады, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Еліміздің азаматтары 14 облыста және үш республикалық маңызы бар қалада 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде дауыс берді. Шетелдегі қандастарымыз да дауыс берді — олар үшін 51 елдегі 66 сайлау учаскелері ашық болды. Бірінші болып Жапониядағы қазақстандықтар, АҚШ пен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс берді.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2% бюллетень алды.
Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі ретпен орналастырылған:
1. Қазақстанның Халықтық партиясы;
2. «Нұр Отан» партиясы;
3. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы;
4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;
5. «Адал» саяси партиясы.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде — 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР