Қазақстанда «Камызяки» КВН командасының концерттеріне қарсылар көбейді

Мұсағалиев бұған дейін Донецк облысында концерт берген. 

Сайт әкімшілігі

12.09.2023, 10:45

700

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары биліктен тегі қазақ ресейлік комик Азамат Мұсағалиевтің Астана және Алматы қалаларында өтетін концерттеріне тыйым салуға шақырды.

Centralasian.org хабарлағандай, оған себеп ретінде Мұсағалиевтің Ресей басып алған Украинаның Донецк облысында концерт бергені айтылады.

Мұсағалиев жетекшілік ететін «Камызяки» КВН командасының концерттері Астана және Алматы қалаларында қазан айының басында өтеді деп жоспарланып жатыр.

8 қыркүйекте өткен Донецк облысындағы концерттен кейін Мұсағалиевті украин билігі «орыс-фашистік басқыншыларға және террористерге көмектескен» деген тізімге енгізген.

Осыған дейін Қазақстанда қоғам талабымен соғысты қолдаған ресейлік Полина Гагарина, Григорий Лепс, Лариса Долина секілді әншілердің концерттеріне тыйым салынған. Бұдан бөлек соғысты қолдаған актёр Сергей Глушко қатысқан қойылым да қойылмаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 16.09.2023, 12:33
Ет туралы ертегі
Жарас Кемелжан 16.09.2023, 10:20
Нұрбек «мәселенің қараңғы түрін» біле ме?
Айгүл Баба 16.09.2023, 09:30
Сазда жатқан Ким балшықта отырған Путинге келді
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:30
Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 10:30
Ұлттық басылымдарды жабылудан сақтап қалған Алтынбек еді...
Қуаныш Қаппас 14.09.2023, 10:00
Өрісі кең, жолы тар қазақ ураны

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55