Қазақстанда карантин бойынша жаңа шешім қабылданды

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 10:51

2566

Қазақстанда карантин бойынша жаңа шешім қабылданды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Covid-19 індетінің таралуына қарсы комиссияның хабарламасына сілтеме жасап.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 қарашадағы берген тапсырмалары шеңберінде COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар әзірленді.

Отырыстың қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

  • Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен бірдей ету.- «Жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көлік жұмысы бір апта ішінде 23:00 сағатқа дейін созылады.- «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.
  • Биылғы 21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысы жоқ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады: авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ), Автожуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, химиялық тазалауды, кір жуатын орындарды, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу бойынша объектілер.
  • Биылғы 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес объектілерінің қызметін уақытша шектеусіз қайта бастау үшін қосымша тізбесін дайындау тапсырылды.
  • Осы жылдың 21 қарашасына дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық құқықбұзушылықтарын жасалған құқықбұзушылықтың ауырлық дәрежесі бойынша (елеусіз, елеулі, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдау тапсырылды.
  • ҚР және өңірлердің бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
  • Отандық COVID-19 вакцинасын әзірлеуді және өндіруді тездету.
  • Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері он күн мерзімде "қызыл" аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдасын.
  • Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бір апта мерзімде COVID-19-ға ПТР-зерттеулер жүргізетін зертханаларды біріктіруді аяқтау тапсырылды.
  • Осы жылдың 21 қарашасына дейін ауруханалардың реанимациялық бөлімшелерінің толықтырылуын тексеру, қажет болған жағдайда оларды толықтыру бойынша жедел шаралар қабылдау.
  • Осы жылдың 21 қарашасына дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар резервін қалыптастыру бойынша өңірлердегі ахуалға мұқият мониторинг жүргізу.
  • Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заң жобасын әзірлеуді оны Парламент Мәжілісіне енгізе отырып, ағымдағы сессияның соңына дейін жеделдетсін.
  • Әскери госпитальдардың төсек қорын жедел орналастыруға толық дайындығын қамтамасыз ету.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары дәрілік заттардың бағасын төмендету, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу, отандық Маска өндірушілерді шикізатпен кепілдендірілген қамтамасыз ету тетіктерін айқындау және тағы да басқа мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 09:07
Билік тәуелсіз партияларды парламентке жібермейді
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 13:01
Мамин мен Назарбаева Мәжіліс сайлауына қатыспақ
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 12:25
Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңге бөлінеді
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.11.2020, 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 24.11.2020, 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42