Қазақстанда өлім жазасы жойылды

Сайт әкімшілігі

24.09.2020, 14:11

954

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттамаға қол қойды, — деп хабарлайды  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті», — делінген хабарламада.

СІМ баспасөз қызметіндегілер 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырғанын атап өтті.

«Бұл халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды», — деп қосты ведомстводағылар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 12:37
Әкімдік Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынып жатқанына түсінік берді
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:46
Тағы 100 мыңнан астам мұқтаж отбасы «Birgemiz» қорынан көмек алды –Байбек
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 16:30
Байбек Жаңаөзенде азаматтарды қабылдады
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 09:17
Жээнбеков ТЖ кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді - экс-премьер
Сайт әкімшілігі 15.10.2020, 15:28
BizBirgemiz: Байбек Маңғыстауда Елбасы тапсырмаларының орындалуын тексерді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 15.10.2020, 11:41
Президенттің сапары басын июден басталды

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33