Қазақстандық Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты

Сайт әкімшілігі

08.12.2021, 09:47

1103

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінің Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымынан бас тартты. Бұл туралы Ақ үй өкілдері сейсенбіде мәлім етті, — деп хабарлайды Reuters агентігі.

Бұған дейін оның кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынған болатын. Алайда Сенаттағы тыңдау кезінде Омарова сынға ұшырады. Омарова өткен өмірі үшін ақталуға мәжбүр болды. Ол коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелері коммунизмнен зардап шеккенін айтты.

«Мен Сәуле Омарованың Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым», — делінген Байденнің мәлімдемесінде.

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Заңтану докторы дәрежесі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Бұған дейін АҚШ Сенатында банк реттеушісінің басшысы лауазымына Сәуле Омарованың кандидатурасын ұсыну кезінде дау шыққаны хабарланған болатын.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48