01.08.2022, 15:10
1236
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
"Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК бесінші департаменті және Алматы қаласы бойынша Полиция департаменті Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстары аумағында бірлесе отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.
Барлығы 23 адам ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері, бұрын сотталғандар және қылмысқа бейім адамдар, оның ішінде қару қолдану арқылы қылмыс жасау және зорлық-зомбылық жасауға маманданғандар. Бұл қарызды өндіріп алу, бопсалау, сондай-ақ заңсыз өндірумен айналысатын тұлғаларға қолдау жасайтындар", — деді ІІМ баспасөз хатшысы Ақтоты Боранова.
ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар көлемінде Алматы облысы Талғар ауданы аумағында майнинг өндірушілер есебінен пайда тапқан.
«Заңсыз майнинг өндіруші фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды. Қылмыскерлер 36 жастағы IT маманын қылмыстық есепшотқа отырғызып, оны қорқытып, майнинг жұмысын ұйымдастыру үшін бопсалаған», — делінген хабарламада.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР