Қазақтар да гастарбайтер боп кетті

Әділ КЕМЕҢГЕР

21.04.2021, 08:52

4800

Қазақстандық 49 мың жұмысшы гастарбайтер болып Ресейде заңсыз жүр. Не дейміз бұған?

            Экономист Қазбек Бейсебаев бұл мәселеге қатысты былай дейді:

      – Жұмыс іздеп Ресейге қаңғып кеткен қазақстандықтар осы тірлігімен-ақ Қазақстанның 30 жылдық саясатына өз үкімін шығарып тастады. Біраз бұрын елімізде жұмыссыздық проблемасы бар деп дабыл қаққаны сол еді, біздің билік Тамара Дүйсенованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен алып тастады.

       Айтпақшы, биікке секірмек болған Орталық Азияның Барысы қайда қалды? Тұңғыш президенттің 1997 жылғы жолдауы есіңізде шығар: 2030 жылға қарай Қазақстан жай Қазақстан емес, барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша «Орталық Азияның Барысы» боп кетіп, оған маңайдағы дамушы елдердің бәрі қызығып, бізді үлгі тұтуы тиіс еді.

«Қазақстандықтардың бәрін жалақысы жоғары жұмыспен қамтып тастаймыз» деп жар салған Жалпыға ортақ еңбек қоғамы деген тұжырымымыз қайда, ол да жайына қалды ма?

       Дамыған 30 елдің қатарына қалайша кіріп алмақпыз біз?

Күні кеше ғана сайлауалды бағдарламасында «партияның негізгі мақсаты – жұмыспен қамту мен жалақыны өсіру» деген биліктегі «Нұр Отан» партиясы не дер екен бұған? Олардың уәдесін тыңдасаң, жылына 700 мың адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Сонымен қатар туризм саласында 170 мың жұмыс орны, ауыл шаруашылығында 500 мың жұмыс орны мен IT технология саласында 100 мың жұмыс орны құрылады-мыс. Қызық, қазір осы бір аса қажетті жұмыс орындары қалай құрылып жатыр екен?

       Шындығында, Ресейге Қазақстаннан баратын гастарбайтерлар қатары барған сайын көбейіп барады. Өткенде Мурманскіде төбелескен жұмысшылар да қазақтар еді ғой. Күні кеше біздің ішкі істер министріміз ресейлік әріптесімен бекер кездескен жоқ-ау, бұлар қазақстандық мигранттар мәселесін талқылаған болар. Біздің үкіметке Ресей үкіметімен қазақстандық жұмыс күшінің миграциясы мен олардың құқықтық мәртебесі туралы келісу қажет. Өйткені бізде жұмыс тапшы, ал азаматтарымыз бала-шағасын асырауы керек.

        Қазір өзі екі сиыр алып, сонымен күн көрудің өзі оңай емес. Мал жаяйын десең, жердің бәрі жекеменшіктің қолында. Осындай жағдай болып жатыр.

Тегтер: еңбек нарығы жұмыс беруші мәселе тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:18
Тілі 7-бапқа байланған ел
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.05.2021, 07:41
Билік транзиті болмады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 12.05.2021, 07:03
Ким қазақты қайтсін...
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 15:28
Өзін «ақпын» деп ресми тілде ақталған Жоламанова қазақ тілін менсінбей ме?!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 11:39
Мұхтар Түменбай: Бұл әзілдейтін нәрсе емес!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 10:08
Риддердегі өрт: полиция тергеу бастады

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06