Қазақтың санын кемітіп көрсету кімге тиімді?

Батыр ЖАСҰЛАН

07.05.2021, 08:52

6057

Қазақстанда халық санағы жақындаған сайын ресми орындар елде халықтың саны қанша екенін жиі айта бастады. Бұл, әрине, дұрыс әрі құптарлық жағдай. Бірақ осы жерде ойлантарлық бір нәрсе бар.

      Қазір кейбір сарапшылар «елдегі  мемлекетқұрушы ұлттың үлесі басым бола бастады, қазақтың саны 72-75 пайызға жетті» деген болжамды айта бастады. Ал статистика комитеті осыдан бірер апта бұрын «Қазақтың саны 13 млн адамнан асты.  Бұл 1989 жылғы Кеңес Одағында болған санақтан кейін қазақтың саны екі есе артқанын көрсетеді» деп қуана мәлімдеп жатыр. 2020 жылдың өзінде ғана қазақ халқы 265 мың адамға артқан. Демек, елде қазақтың саны 13,025 миллионға жетіп отыр. Ал басқа этнос өкілдерінің санында өсім бар ма?

       Айта кетер бір жайт, Қазақстандағы орыстардың саны 3,5 миллионнан төмен түсіп, 3,478 миллион адамды құраған. Ал, керісінше, еліміздегі  өзбектердің саны өткен жылы 15 мыңға артып, 620 мың адамға жеткен. Бұл – демографиялық өсімі күрт артып келе жатқан елімізде үшінші этнос өкілдерінің бірі. Ұйғырлар 4000-ға артқан,  (278 мың), ал украиндар 8000-ға (256 мың) азайды. Татарлардың  саны да кеміп барады, дәлірек айтсақ, Қазақстанда 199,4 мың татар этносының өкілдері тұрады. Сонымен, халық санағы алдындағы ресми демографиялық көрсеткіштің нәтижесі қандай? Елдегі негізгі мемлекетқұрушы ұлт – қазақтар 69,01 пайызға жетті. Ал орыстар – 18,42, өзбектер – 3,29, ұйғырлар – 1,48, украиндар – 1,36, татарлардың саны 1,06 пайызды көрсетіп отыр.

       Соңғы он жылдың ішінде қазақтың санында тұрақты өсім бар. Он жылда байырғы жерін мекен еткен ұлт, яғни қазақтар 26 пайызға өсті. 2009 жылғы санақ  қорытындысында қазақтың саны 10 млн 98 мың адам болғаны атап көрсетілген. Бұл елдегі жалпы халықтың 63,1 пайызы болғанын  айта кеткен жөн. 2009 жылғы санақта елдегі орыстар 23,3 пайызды құраса, ал 2021 жылы  18 пайыз шамасында болып отыр. Әрине,  елден ешкім қуып жатқан жоқ, олар өздерінің тарихи Отаны – Ресейге өз еркімен кетіп, қоныстанып жатыр. Бұл дұрыс құбылыс. Тарихи Отанына оралу табиғи заңдылық. Шетелден біздің қандастарымыз да елге келіп жатыр. Бірақ алаңдайтын бір мәселе бар. Біздің рсеми билік неге елдің басым санын құрайтын қазақтың санын кемітіп көрсетуге құмар? Мұның астарында қандай сыр, ел назар аудара қоймайтын нендей саясат жатыр?

       2009 жылғы санақтың нәтижесінде алғашқыда билік «елдегі қазақтың үлесі 67 пайызға жетті» деп қуана жар салып, мәлімдеме жасап  жібергенін ешкім де ұмыта қойған жоқ. Одан кейін 65 пайыз, сонан біршама уақыт өтпей-ақ «жоқ,  63 пайыз екен» деп қайта мәлімдеме жасады. Біздің алаңдап отырғанымыз да бекер емес: «Алдағы бес айдан кейін өтетін санақта билік тағы да осы әрекетін қайталап жүрмей ме? Мұны ресми билік «агенттіктің бұрынғы басшылары нақты талдау жасамастан, өңдеуден өтпеген деректерді үкіметке, президент әкімшілігіне алдын ала баяндап жіберген.  Анығында, елдегі қазақтың үлесі сол кезде 63,6 пайыз болған» деп артынан түсіндірген.

       Жалпы, 2009 жылғы санақ атышулы екі оқиғасымен халықтың есінде қалды. Біріншісі – биліктің қазақтың санын кемітіп көрсетуі болса, екіншісі –статистика агенттігі басшыларының жемқор атанып, сотталып кетуі.

2009 жылғы халық санағына бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінгені белгілі.  Соның 700 млн теңгесі ұрланып, статистика комитетінің сол кездегі басшысы Анар Мешімбаева кінәлі деп танылып, ол 2014 жылы жеті жылға  сотталғанын ел ұмыта қойған жоқ. Ол жазасын өтеді, бостандыққа шықты.

        Бірақ биылғы санақта да осындай оқиғалар қайталанып жүрмей ме? Өйткені алдын ала хабарланған дерекке қарағанда, «халық санағына 8 млрд 211 млн теңге жұмсалады» деген болжам бар. Аз емес, орасан зор ақша. Тағы қазынаға қол сұқса, заңнан аттап кетпес, ұсталар. Бірақ біз үшін басты нәрсе – ресми билік тарапынан қазақтың санын кемітіп көрсету тағы қайталанып жүрмей ме? Өйткені соңғы кезде санақ басталмай жатып «елдегі қазақтың саны 69,01 пайызға жетті» деген деректер жиі беріле бастады. Бұл дерек күмәнді қоюлатып бара жатқандай. Сондықтан ең алдымен бізге халық санағының дұрыс өтіп, биліктің солтүстік жаққа жалтақтай бермей, қазақтың санының айқын, нақты әрі шынайы дерегін көрсеткені дұрыс. Халық санағы – үлкен саясат. Ал қазақтың санын кемітіп көрсету ешкімге тиімді емес. Мұны биліктің ресми орындары қазірден бастап айқын ұғынғаны жөн.

Тегтер: деиография санақ билік дерек статистика

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:40
Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды
Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:35
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 24.06.2022, 14:10
Елбасыдан – ақсақалдыққа
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.06.2022, 09:10
Тоқаев тарапына ақпараттық соғыс басталғандай...
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.06.2022, 09:05
Қазақтар қайда қарап келген?
Секен ЕЛШІБЕК 23.06.2022, 15:20
Біраз «жаңалық»

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33