Қос ауданның атауы халықтың ұсынысымен қазақыланды

07.08.2018, 22:21

474

Павлодар облысындағы қос ауданның аты халықтың ұсынысымен өзгеріп отыр. Качировский атты орыс саудагерінің атымен аталған аудан бұрын Тереңкөл болысы деп аталған. Көл атауына сәйкес Лебяж атанған аудан Аққулы болмақ. -Лебяжі ауданы және Качир ауданының тұрғындарынан ұсыныс түскен болатын. Сол ұсынысты бүгін жүзеге асырып, Лебяжі ауданы – Аққулы ауданы және Качир ауданы – Тереңкөл аудандары деп қайта аталынды.осы үлкен қуанышты жағдай деп ойлаймыз, -дейді Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле ОСМАНОВА.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ  жарлығымен осылай өзгерген қос ауданның бұрынғы атаулары Кеңес одағынан бері келе жатқан екен. Ал ел аузындағы аңыздарға сенсек, Качир атауы сол уақытта белгілі болған Качировский деген саудагер азаматтың есімінен пайда болыпты. Бірақ, бұған ресми дәлелдер анықталмаған. Кейбір деректерде, бұл ауданның бұрын Тереңкөл болысы ретінде тіркелгенін айта кетейік. Ал бүгінге дейін Лебяжі деп аталып келген ауданның бұлай делуіне бұрындары қазақ-қырғыз жағасын қоныс еткен Лебяжі көлі себеп болған. Бүгінде Аққулы атауына ие болған өлкеде 14 мыңға жуық тұрғын бар екен. Ал Тереңкөл ауданында 20 мыңнан аса халық тұрады. Айта кетерлігі, бүгінде өңір бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген көше, аудан атауларын қайта өзгерту шарасы белсенді атқарылуда. Мәселен, облыс орталығындағы Ленин көшесі Астана атауына ие болса, Кутузов көшесі жақында Тәуелсіздік даңғылы болып өзгертілді.  Коллаж: zhasalash.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:19
Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тергеліп жатыр
Сайт әкімшілігі 12:13
ЖСДП фракциясы Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы шықты
Сайт әкімшілігі 11:57
Әлихан Смайылов премьер-министр қызметін сақтап қалды
Сайт әкімшілігі 11:10
Тоқаевқа жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды
Күлтегін БЕК 10:31
Ассамблея жабыла ма деп жүрсек...
Жарас ШӨКЕ 05:37
Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44