Қуаныш Сүлейменов - Абай облыстық мәсихатының хатшысы

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

08.06.2022, 11:24

1871

Бүгін семейліктердің, жалпы Абай облысының тұрғғындары үшін қазақы ұғыммен айтқанда, «ақ түйенің қарыны жарылған күн». Түн ортасы ауғаннан Абай облысының ресми түрде құрылғанын қуана қабылдап, бір-бірінен сүйінші сұрасқан жұрт әлеуметтік желілерді де жаулап алды.

Ал, әлгінде ғана Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті.  Әзірге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының құрамынан бөлініп шыққан жаңа облыстың депутаттарының арасында кімдер бар екенін «Жас алаш» кеше хабардар еткен болатын. 

Оқи отырыңыз: Жаңа облыстың ескі директор-депутаттары

Сонымен, Қуаныш Сүлейменов  Абай облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Жарма ауданының атын шығарған «Шалабай»  ЖШС бас директоры болған Қуаныш Серқазыұлы Шар қаласының тумасы. 1973 жылы дүниеге келген. Алғашқы мамандығы тарих пәнінің мұғалімі болғанымен, кейін өмір жолы басқа арнаға бұрылып, Шәкәрім атындағы Семей университетін «Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған, ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі. Кейінгі жылы Жарма өңірінде мал тұқымын асылдандыру, қазақтың ақ бас сиырын көбейту бағытында Шығыс өңірдегі фермерлердің алдыңғы қатарынан көрініп, ауылшаруашылығы саласындағы ізденістерімен танылып жүргенін билік те мойындайды, халық та жақсы біледі.

Айтпақшы, Семей қалалық мәслихатының қабырғасында өткен облыстық сессияға БАҚ өкілдері «таңдап» кіргізілді. Есіктегі күзетші ішке тізімдегі журналистер ғана жіберілетінін айтып сессияға «Жас алаштың» қатысуына мүмкіндік бермеді.  «Еуразия», «З1 канал», жергілікті «Semei», ТВК-6 телеарналары және әкімдік жанынан құрылған abaiagparat порталына ғана «есік ашық» екен.

Абай облыстық мәслихатының су жаңа хатшысы Қуаныш Сүлейменов алдағы сессияларда БАҚ өкілдерін бөліп қарайтын мұндай олқылыққа жол бермес деп үміттенеміз.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49