«Құрметті олигархтар» қазақ спортын құртыпты

Сайт әкімшілігі

04.08.2021, 08:54

2837

«Олимпиаданың аяқталуына аз-ақ күн қалды, ондағы елдер рейтингінде Қазақстан 68-орында тұр. Ел басшылығының дамыған 30 елдің қатарына кіреміз дегені қашан, ал спорттағы түріміз мынау, дамыған түгіміз де жоқ екен. Көптеген спорт түрлері бойынша бұрыннан қалған мықты спорт мектептеріміз бола тұра, қуатты адами капиталымыз бола тұра», – дейді фейсбукте астаналық қоғам белсендісі Әзиза Шөжеева.

        Токиодағы қазақ спортының масқарасы – еліміздегі спортты басқару мен дамыту жүйесінің іріп-шірігенін көрсетті. Токиодағы жеңілісіміз – елдегі көптеген федерациялар мен спорт мектептерінің жұпыны жағдайының, тренерлерге төленетін мардымсыз жалақылардың, елішілік жоғары деңгейлі жарыстардың жоқтығының, балалар мен жастар спортын қолдау жүйесінің жоқтығының салдары.

       Ірі спорт кешендерін салып қоямыз, бірақ оған балалар бара алмайды. Өйткені олар ақылы. Легионерлер мен түрлі «кәсіпқой» командаларға бюджет ақшасын құямыз, олар болса не тренерлік база құра алмады, не жас спортшылар тәрбиелеуге мүмкіндік бермеді. Елдегі спорт федерацияларының бәрін ірі шенеуніктер мен бизнесмендер басқарады. Спортты дамыту үшін емес, мақтаныш ретінде ғана бір-бірден федерацияға басшы боп қонжиып алған.

        Қазақтың баласын спортқа беруге ақшасы жетпейтін жағдай жасадық біз. Көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналарды айтпағанда, кәдімгі орташа статистикалық отбасылардың өзінде баласының спортпен айналысуына төлейтін артық ақшасы жоқ.

        Бұл біздің отыз жылдағы ең нашар олимпиадамыз болайын деп тұр. Ендеше осы олимпиададан кейін спорт саласын реформалау қажет.

Спортты дамытуға жауапты органдардағы шенеуніктер штатын қысқарту керек. Мысалы, білім және ғылым министрлігіне қарасты Дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы деген мекеме бар. Ол немен айналысады, өзі? Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт және денешынықтыру комитеті бар. Ол комитеттің дирекциясы бар, барлық өңірлерде филиалы ашылған. Әрбір әкімдікте спорт және денешынықтыру басқармалары бар. Оның бәрінде қаншама шенеунік құр босқа ақша алып жүр. Легионерлер мен «кәсіпқой» командаларды асырағанды доғару керек. Соның бәрінен үнемделген ақшаны спорт федерацияларын материалдық күшейту мен жаттықтырушылардың жалақысын көтеруге, жас спортшыларды қолдау жүйесін құруға жұмсау керек.

       Спорт федерацияларындағы «құрметті олигархтардың» көзін құрту керек. Босатсын орындарын, босқа отыратын басшылардың қажеті жоқ. Спортқа, елге шын пайдасын тигізгісі келетін мамандарды басшылыққа қою керек.

        Мектеп, колледж, университеттердегі денешынықтыру сабақтарын модернизациялау керек. Ол сабақтың қазіргі түрі таза профанация, уақыт пен ақшаны босқа құртып жатырмыз. Оқу орындарының ішінен спорттық клубтар ашып, олардың федерациялармен байланысын ұйымдастыру қажет. Болашағы бар спортшыларды іріктеу мен дамытуды оқу орындарынан бастаған жөн. Ел бойынша қаптатып салып тастаған спорт кешендерінің неге халық үшін ақылы екенін анықтау керек. Спорт жүйесіндегі жемқорлықтан да арылуға тиіспіз. Жалпы, қазақ спортында қордаланып қалған мәселе көп. Оны жүйелі түрде шешуге құлықсыз болып келдік. Енді бізге осы олимпиададан кейін ойлану керек.

Тегтер: Токио-2020 Олимпиада спорт ұйымдастыру Жапония Қазақстан

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:15
«Самұрық-қазына» қорының 2021 ж. І жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштері
Сайт әкімшілігі 12:00
Тоқаев БҰҰ саммитінде қандай мәлімдеме жасады?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:55
Жолдау ма, алдау ма?
Батыр ЖАСҰЛАН 03:09
«Қазақстанды екінші Украинаға айналдырғысы келеді»
Сайт әкімшілігі 23.09.2021, 18:54
Байбек: Жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар
Мариям МАҚСАТ 23.09.2021, 14:30
Былапыт сөздермен былғанған шенеуніктер

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39