Қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды

Еркежан АРЫН

04.08.2021, 09:03

752

        Биылғы алғашқы жартыжылдықта жалпы қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматтағы соттарда қаралды. Сенатор Владимир Волков Қазақстанда жұмыс істейтін дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу кезінде осылай деді. Депутат өз сөзінде Еуропалық комиссияның әділеттіліктің тиімділігі туралы кезеңдік есебінің (CEPEJ) деректерін келтірген еді:

     – Есептегі маңызды көрсеткіштердің бірі – істерді қараудың орташа уақыты. Осылайша Қазақстанда азаматтық және экономикалық даулар бойынша индикатор 32 күнді құрайды, бұл еуропалық орташа көрсеткіштен 6 есе аз (201 күн), – деді ол.

      Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық комиссия хатшылығы Қазақстанда бір жылдан астам уақыт бойы қаралмаған істер жоқ екенін атап өтеді. Бұл оларды қарау кезінде қағазбастылықтың жоқтығын көрсетеді. «Соңғы жылдары қылмыстық сот төрелігін ырықтандыру мен құқық қорғау қызметін цифрландыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. Мәселен, биылғы бес айда соттарда жалпы қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды, 90 пайызға жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттамалар жасалды. Қызметтің бұл форматы қылмыстық процестің кезеңдерінің ашықтығы мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге, бюрократияны, бұрмалау фактілерін және қателіктерді азайтуға, әсіресе жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді», – деді сөзін түйіндеген Владимир Волков.

      Сонымен қатар өткен айда мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы ақпаратпен танысты. Сондай-ақ мемлекет басшысына әкімшілік соттардың штаттық құрамы туралы өкімнің орындалуы туралы ақпарат берілді.

        Кездесу соңында мемлекет басшысы Денис Шипптің алдына сот жүйесін одан әрі жаңартуға және сот жүйесіне ең сауатты, білікті мамандарды тартуға ықпал етуі тиіс бірқатар міндеттер қойды.

Тегтер: сот жүйесі цифрландыру бастама шешім шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:15
«Самұрық-қазына» қорының 2021 ж. І жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштері
Сайт әкімшілігі 12:00
Тоқаев БҰҰ саммитінде қандай мәлімдеме жасады?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:55
Жолдау ма, алдау ма?
Батыр ЖАСҰЛАН 03:09
«Қазақстанды екінші Украинаға айналдырғысы келеді»
Сайт әкімшілігі 23.09.2021, 18:54
Байбек: Жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар
Мариям МАҚСАТ 23.09.2021, 14:30
Былапыт сөздермен былғанған шенеуніктер

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39