Қырғызстан өз еркімен Ресейге қосылмақ

Әділ АҚЫЛБАЙ

15.09.2020, 09:13

5605

         Қырғызстанда Ресей құрамына қосылу мүмкіндігі кәдімгідей талқыланып жатыр деседі. Бұл туралы кеше «Правда.ру» порталына берген сұхбатында Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Райымқұл Аттакуров айтыпты. «Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Ресей мен Қырғызстанға бірігіп, бірге болу тағдыры жазылған. Талай ғасыр бойы біргеміз. Тарихымыз ортақ, болашақта да талай ғасыр осылай бола береді деп сенемін. Қазір көптеген қырғыздар республикалардың бірі ретінде Ресей құрамына қосылуды сұрап, Ресей Федерациясына жүгінгелі жүр», – деп дүңк еткізіпті Аттакуров.

     Айтпақшы, бұрынғы елші Аттакуров қазір Ресей президенті жанындағы ұлтаралық қарым-қатынастар жөніндегі комиссияның сарапшысы екенін де айта кеткен жөн. «Қырғызстанда шынымен осы тақылеттес мәселе қарастырылып жатыр ма?» – деп нақты қойылған сұраққа бұрынғы елші нық сеніммен: «Иә, Қырғызстанда ондай әңгіме жиі айтылады», – депті. «Қырғызстанда да, осы Мәскеудегі диаспоралық ортада да республиканың Ресей құрамына қосылу қажеттігі жиі көтеріліп, көп талқыланады. Әрине, мұны бас салып бірден жасай алмаймыз. Меніңше, уақыт өте келе, Ресеймен қосылу бағытына қарай жүру керек, өмірдің өзі бізді бірігуге итермелеп отыр», – деп мәлімдеген екен ол.

     Ресейлік басылым мен оның қалың оқырмандарына әбден жағынайын десе керек, Аттакуров «Қырғызстан – орыс тіліне мемлекеттік, конституциялық мәртебе беріп қойған бұрынғы КСРО елдерінің арасындағы жалғыз мемлекет» деп тағы көсіледі. «Қырғызстан халқының өзі осы шешімді таңдап отыр. Әрине, Қырғызстанның Еуразия экономика одағына кіріп отырғаны да көптеген бағыттарда оң нәтижелер әкелуде», – деп қосыпты Аттакуров.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 18:41
Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз - «Ауыл» партиясы
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 16:11
Праймериздің әсері: 40 мыңнан астам азамат Nur Otan-ға кірді
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 10:43
Nur Otan батыс өңірлеріне қатысты қандай уәде береді?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:48
Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 16:45
Nur Otan праймеризінде дауыс беруге 700 мыңға жуық адам тіркелді
Дос КӨШІМ 22.09.2020, 10:10
Бізге әкімдерді сайлау емес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі керек

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27