Қытай қамауда отырған қазақтарды босату туралы арызды қабылдамады

24.12.2018, 20:10

162

Алматыда Қытай консулдығы Қытайда қамауда отырған туыстарына араша сұраған бірнеше азаматтың арызын қабылдамай тастады.Бүгін «Ел-аманат» қоғамдық ұйымының өкілдері Қытай консулдығына ұйым атынан 26 адамның қолы қойылған хат апарған. Қытайдан оралып, Қазақстан азаматтығын алған 26 азамат хатта Қытай билігінен қамауда отырған туыстарын босатуды, сол елдегі этникалық қазақтарды қудалауды тоқтатуын сұрайды.Консулдық қызметкерлері арыз иелері Қазақстан азаматтары екенін айтып, хатты қабылдаудан бас тартты. Олар арыз Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуы тиіс дейді.Ұйым жетекшісі Рысбек Тоқтасын хатты бұған дейін Сыртқы істер министрлігіне тапсырғанын айтады. Консулдық арыздарын қабылдамайынша алған бетінен қайтпайтынын, келе беретіндерін жеткізді.Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысым көріп жатқаны туралы мәлімет қазақстандық ақпарат құралдарында 2017 жылдың сәуір айынан жариялана бастады. Кейін Қытайдағы аз ұлттардың қысымға ұшырағаны туралы халықаралық ұйымдар жиі-жиі мәлімдеме жасады. Ал Қытай үкіметі қысымды «экстремизмге қарсы шара» деп мәлімдеген және "қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын" айтқан.26 қараша күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров "қос азаматтығы бар" деген күдікпен 14 адамның Қытайдан қайта алмай отырғанын айтқан. Ол жыл басынан бері Қытайдағы қысымға қатысты 915 адам шағымданғанын, 29 қазақстандықтың Қытай билігі тарапынан қос азаматтықты пайдаланды деген күдікке ілініп, қамауға түскенін, оның 15-і Қазақстан билігі араша түскен соң босап шыққанын хабарлаған.Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00