Қытай қазақты сусыз қалдыруы мүмкін

Әділ АҚЫЛБАЙ

28.07.2021, 08:32

4379

        Қазақстан билігі су ресурстарын басқару бағдарламасын қабылдаса да, тиісті заңдарына қанша түзету енгізіп жатса да, су тапшылығы деген мәселе шешілудің орнына тек ушығып барады.

      Өткенде ғана экология министрі Мағзұм Мырзағалиев су әзірге жеткілікті болғанымен, алдағы уақытта жағдайдың ушығуы мүмкін екенін мойындады. Су тапшылығы қатері туралы көптен бері айтылып келе жатса да, біздің үкімет әлі күнге дейін ешқандай тиімді стратегия әзірлеген емес. 

Министрдің сенімсіздеу айтылған сөзінше, Қазақстанға әйгілі 2030 жылға қарай су тапшылығын шешу үшін жаңадан көптеген жасанды суармалы жүйелерін салып, су шаруашылығының инфрақұрылымын барынша жаңалау мен толықтай қайта құру қажет. Министрдің сенімсіз сөйлейтін жөні бар: сегіз су бассейнінің жетеуі – трансшекаралық сулар. Бұл дегеніміз – болашақта Қазақстанның сусыз қалуы ғажап емес. Қазақстан үлкен саясатты айтпағанда, кәдімгі су шаруашылығы саясатында да көршілес елдерге тәуелді болып отыр. Олар: Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы. Соңғы үшеуімен су ресурстарын бөлісу туралы өтірік болса да, үкіметаралық келісіміміз бар десек, Қытаймен арадағы су бөлісуімізді реттейтін ешқандай келісім жоқ. Солай екен. Қытаймен терезесі тең емес болғандықтан, Қазақстан көптен бері ҚХР тарапымен әлі бір келісімге келе алмай жүр. Жалпы, қу Қытай өзінің ешбір шекаралас мемлекетімен су бөлісу туралы ешқандай келіссөз жүргізбейтін ел екен.

      Қытай мен Қазақстан арқылы Ертіс пен Іледен бастап, тағы 22 трансшекаралық өзен ағады, судың дені Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының аумағында шоғырланған. Әдейі істей ме екен, сумен байланысты қытайлық жобалардың көпшілігі Ертіс пен Іле өзендерінен су алуға бейім, содан келіп Қазақстанның басым бөлігіндегі ауыл шаруашылығы мен экологияға, өнеркәсіп салаларына нұқсан тиюде. Мысалы, Іле бассейнінің Қытайға тиесілі жерінде кемінде 130-ға жуық гидрологиялық бөгет пен 13 суқойма салынған деген ақпарат бар. Қазір Қазақстан өз қажеттіліктері үшін Іле өзенінің шамамен 2,5 текше шақырым суын пайдаланса, Қытайдың пайдаланатыны 15 текше шақырымнан асады. Бұл Іле суының үштен біріне жуық. Қытай өндірісі тоқтамай дамып жатқанын ескерсек, Іле суына тоймай жатқан Қытай біздегі Балқаш көліне қауіп төндірмек. Балқаш көлі де Арал теңізінің кебін кимесін.

       Кей сарапшылар су мәселесінің ушығуы Орталық Азия елдері арасындағы қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкін деген қаупін де жасырмайды.

Тегтер: су шаруашылығы мемлекеттік саясат ғылым білім мүмкіндік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:15
«Самұрық-қазына» қорының 2021 ж. І жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштері
Сайт әкімшілігі 12:00
Тоқаев БҰҰ саммитінде қандай мәлімдеме жасады?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:55
Жолдау ма, алдау ма?
Батыр ЖАСҰЛАН 03:09
«Қазақстанды екінші Украинаға айналдырғысы келеді»
Сайт әкімшілігі 23.09.2021, 18:54
Байбек: Жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар
Мариям МАҚСАТ 23.09.2021, 14:30
Былапыт сөздермен былғанған шенеуніктер

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39