Қыздар университетінің жері де сатылып кетті

Әділ АҚЫЛБАЙ

14.10.2021, 08:52

1229

      Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жерін заңсыз сату ісі бойынша Қарасай ауданы әкімдігі мен университеттің бұрынғы басшылығының қызметкерлері ұсталыпты. Бұл туралы заңгер Бақытжан Базарбек жазды.         11 қазан күні Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларын, атап айтқанда Қарасай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылығын ұстады, сонымен қатар «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ бұрынғы басшылығында болған бірқатар тұлғаларды ұстады.       Заңгердің ақпаратынша, қазір Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жерін заңсыз сату бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде Қарасай ауданы әкімдігі мен жер қатынастары бөлімі, Қарасай ауданы бойынша жер кадастрының филиалы ғимараттарында тінту жүргізуде.       Қазіргі уақытта университет өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимаратына шақырылған, ол жерде айғақтарды тексеру үшін ұсталған шенеуніктердің қатысуымен тергеу әрекеттері жүріп жатыр екен.Еске сала кетсек, 2021 жылдың басында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жері заңсыз сатылғаны анықталған болатын. Бұл факті бойынша университет арыз беріп, содан кейін Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық іс қозғағандай болған, бірақ одан кейін істі түк те тергемей қойған. Биыл тамыз айында тергелмей қалған қылмыстық істі тергеу Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілген еді.        Міне, енді ғана бұл істі тергеудің алғашқы нәтижелерін көрдік. Ұсталған адамдар туралы мәліметтер мен тергеудің әрі қарайғы барысы кейінірек хабарланады.       Заңгер атап өткендей, университеттің бұрынғы басшылығы Қарасай ауданы әкімдігі мен Қарасай ауданы жер кадастры бөлімінің лауазымды тұлғаларымен сыбайласа отырып, Кемертоған ауылындағы 03-047-117-627 кадастрлық нөмірімен тіркелген 9 гектар жер учаскесін университет иелігінен жекеменшіктің қолына заңсыз «шығарып алған». Одан кейін ол жер телімі тағы 110 жер теліміне бөлініп, үшінші тұлғаларға сатылып кетіпті.       Бұл схеманы жүзеге асыру үшін Қарасай аудандық жер қатынастары мамандары тексеру жүргізген болып, жер учаскесінің 627 нөмірін қате нөмір деп таныған. Бұл былықты жабу үшін олар қаладан 30 шақырымдай жердегі Ұмтыл ауылдық округіндегі жергілікті зират жанындағы санитарлық-қорғау аймағындағы сайда бос жатқан жер теліміне өтірік кадастрлық нөмір беріп, соны Қыздар университетінің жері деп көрсете салған екен.    «Базарбек бауырым, Қазақстанда Жер кодексі жұмыс істемейді, сен жергілікті шенеуніктермен алысып, шындыққа бәрібір жете алмайсың», –  деп қорқытып еді мені коммент жазғыштар. Бірақ біз университет басшылығымен бірге үмітімізді үзген жоқпыз және мен университеттен заңсыз тартып алынған осы жердің ісін заңгер ретінде соңына дейін жеткіземін. Қарасай ауданы әкімдігінің, жер кадастрының филиалы мен университеттің барлық кінәлі шенеуніктері жауапқа тартылады. Мен достарым мен маған жазылған желідегі жұртшылықты Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі батыл жігіттерге осы күрделі қылмыстық іс бойынша қолдау көрсетуді сұраймын», – деп жазады заңгер.
Тегтер: жер сату ҚазҰУ заңбұзу құқық жер ресурсы бақылау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31