Райымбек ауданына 1 жыл: Жаңа ауданның жайы қалай?

31.03.2019, 18:45

273

Бүгін, 31 наурыз күні Алматы облысына қарасты Райымбек ауданының құрылғанына 1 жыл толды. Жаңа ауданның құрылғанына 1 жыл толуына орай Жас Алаш тілшісі Нарынқол ауылына арнайы барып қайтты.

Аудан былтыр Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ “Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы” №653 қаулысына сәйкес құрылған болатын. 21 жыл бойы (1997 жылдан 2018 жылға дейін Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылы болған) аудан орталығы мәртебесінен айрылған Нарынқол ауылы қайтадан әкімшілік орталыққа айналды. Райымбек ауданы Кеген және Райымбек аудандары болып екіге бөлінді.

Кеген және Райымбек аудандарын Қабанды өзені бөліп тұр. 1997 жылға дейін бұл жерде шекаралық бақылау бекеті болған екен. Райымбек ауданының шекарасы Сарыжаз ауылына кірер тұстан басталады. Бірақ мекен-жайды көрсететін тақта әлі орнатылмаған. Жаңа әкімшілік аймақтың аумағы 712 мың гектар.

Қытаймен шекараласжатқан Райымбек ауданында 41700 адам тұрады. Аудан құрамында 11 ауылдық округпен 20 елдімекен бар. Әкімшілк орталығы — Нарынқол ауылы. Нарынқолды ҚытайХалық Республикасынан Тянь-Шань тауы бөліп тұр. Мұндағы халық саны қазір 8мыңға жеткен екен.  

Қытаймен шекаралас аймақ болған соң, өз алдына жеке аудан болғаны дұрыс. Біраз тұрғындар үйлерін тастап Кегенге, тіпті, Алматыға дейін кетіп қалған болатын. Осылайша, Нарынқол мен шекараға жақын маңдағы ауылдар қаңырай бастады. Ал шекаралық аймақ үшін бұл үлкен мәселе. Ақсақалдар мұны талай рет көтерді. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ та өңірге келген сайын мәселені шешуге күш салып жүрді. Сол кісілердің арқасында тоқыраудың алдында тұрған ауданға қайта қан жүгірді, — дейді Райымбек аудыны әкімінің орынбасары Мәдени НҰРДӘУЛЕТОВ.

Өз алдына қайтааудан боп құрылғалы Нарынқол көшелеріне жаңадан асфальт төселіп, жарықшамдарорнатылған. Қараусыз қалған нысандар мен қираған үйлер көп. Кеңес үкіметіндетұрғызылған көпқабатты үйлердің қабырғасы сетінеген. Бірақ әлі жөндеу көрмегенүйлердің ауласы жақсы.

Ауылда ірі өндіріс орны жоқ. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі – мал және егін шаруашылығы. Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына республика және облыс қазынасынан 8 миллиардтан астам теңге бөлінген екен. Әзірге, ол қаражатқа ауылда жаңа нысандар салынып жатыр (аудандық аурухана, мемлекеттік қызметкерлерге арналған мекемелер, денешынықтыру-сауықтыру кешені). Сондай-ақ, бұрынғы аудан әкімдігінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ауданда дәрігерлермен оқытушылар және мемлекеттік қызметкерлер тапшы. Әзірге, жергілікті билікаталған саладағы мамандарды тарту мәселесіне күш салып жатқандарын айтады. БиылНарынқолға еліміздің өзге аймақтарынан 39 жас маман келген екен. Одан бөлекКеген ауылынан 25 мемлекеттік қызметкер тартылған. Оларға ауыл сыртынан қалатиптес үлгіде салынға 20 үй беріліпті. Жоспар бойынша алдағы жылы тағы да 83баспана тұрғызылады.

Ауруханада сырттан келіп істеп жатқан терапевт Сержан ӘБСАҒАТ былай дейді:

— Түркістан облысында тудым. С. Асфендияров атындағымедицина университетінің түлегімін. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы арқылыНарынқолға әйелім мен баламды да алып келдім. Қаладан гөрі өзім үшін ауылдықжерде жұмыс жасаған дұрыс сияқты. Таңдауымызда СҚО мен Алматы облысы болды.Климаты жақсы болғандықтан, әрі төлейтін айлығы жақсы болғандықтан Нарынқолдытаңдадық. Жұмыс істеп жатқаныма 7 ай болды.

Аудандағы шекарағажақын орналасқан аудандарды айтпағанда әкімшілік орталық саналатын Нарынқолдамобильді интернет жоқ. Мүмкіндігі барлар ғаламторға тек wi-fi роутерлері арқылықосылады. Ауыл тұрғындары қазақстандық операторлардың ішінен beeline және kcell-денбасқасына қосыла алмайды екен. Жалпы аудандағы интернеттің жылдамдығын арттыруүшін және өзге байланыс операторларын қосу үшін әкімдіктегілер келіссөзжүргізіп жатқанын айтады.

Ал, жалақыларын алуүшін нарынқолдықтар “Қазпошта” мекемесінде ұзын-сонар кезекке тұрады. Себебі,мұнда 2-деңгейлі банк жоқ. Мекемедегі жалғыз банкомат та жиі істемей қаладыдейді ауыл тұрғындары. Сондықтан, кейбірі ақшасын алу үшін 100 шақырым жердегіКеген ауылына баруға мәжбүр екен. Ауыл тұрғындары коммуналдық төлемдерді де аталғанғимаратта жасайды.

Мәдени НҰРДӘУЛЕТОВ,Райымбек ауданы әкімінің орынбасары:

— Қазір 2-деңгейлібанктермен келіссөз жасап жатырмыз. Бізде олар үшін дайын тұрған ғимарат жоқ.Олардың шарты бойынша нысан күзетілуі керек. Дәл қазір бұл проблеманы шешугекүш салып жатырмыз. Биыл келіссөз аяқталса міндетті түрде бізде банктер жұмысжасайтын болады.

Қазір ауданәкімдігінің аппараты бұрынғы кітапхана орнында тұр. Ал, мемлекеттікмекемелердің 10-ы спорт мектебінің жатақханасына жайғасса, 4-і мәдениет үйіндежұмыс істейді.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48