Сағынтаев Алматыдағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Сайт әкімшілігі

10.01.2022, 10:41

578

Бақытжан Сағынтаев Алматының тыныс-тіршілігін біртіндеп қалыпқа келтіру туралы айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Біз қазақстандықтардың қиын кезеңдерде ұйымшыл болып, біртұтас жұдырық ретінде әрекет ететініне тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде көрсеткен сабырлылық пен батылдық және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың барлық қызметтері антитеррористік орталықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Барлық мәселелер келісілген түрде шешіледі және біртіндеп қала қалыпты жағдайға оралады.

Әкімдіктің мәліметінше, қаланың барлық ауданында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам ҚТҚ шығарылды. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарға кіреді. Құқық қорғау органдары қаланы тазарту жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеді. Халықты сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, жылу қызметтерімен қамтамасыз ету штаттық режимде жүргізіледі.

Қаланың азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. 80-ге жуық супермаркет, үш ірі азық-түлік базары, 70-ке жуық ЖҚС, 111 дәріхана жұмыс істей бастады, олардың үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Автогаз бағасы литріне 70 теңгеге дейін төмендеді.

"Қабылданып жатқан шаралар қала өмірін біртіндеп қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Бізден тек сабырлық, шыдамдылық пен түсіністік қажет", — деді қала әкімі. 

Бақытжан Сағынтаев ТЖ режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және коменданттық сағатты бұзбау қажеттігін еске салды.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38