Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?

Б.БЕКСҰЛТАНОВ

21.01.2021, 16:02

1011

Ал, ағайын, біреулер «бойкот» деп айқайлап, біреулер ұйықтап жатып, енді біреулер «басшылар қылқылдап қоймайды, бәрібір шақыртады» деп,  қай жерге қол қойғанын да, кімге дауыс бергенін де білместен, әйтеуір, сайлау учаскесіне бара салумен осы үлкен саяси науқанды да өткіздік. Қалың еліміз ұйқысынан оянды ма, сайлауға атсалысу өзінің ғана емес, ұрпағының болашағы үшін үлкен мәні бар мәселе екенін түсінді ме? Халықтың самарқаулығының себебі неде, шындығында, қазақ халқы соншалықты сауатсыз ба?

Меніңше, халықтың сайлауға соншалықты самарқау қарауының басты себебі – олардың биліктен көңілінің қалуы. Кімнен сұрасаң да, «сен қалай дауыс берсең де, бәрібір билік өз адамын өткізеді, несіне тыраштанамыз» деген жауап естисіз. Президент сайлауы кезінде халықтың бір серпіліп қалған көңілін сенген адамдарының сатқындығы быт-шыт етті. Енді не болмақ, осылай қала бере ме? Елдің саясатқа салғырттығы қашан тоқтайды? Кезінде марксистер айтқан жоқ па, «мемлекетте елдің жағдайы өте төмендеп кетсе, саяси өзгерісті, халыққа қажетті реформаларды жоғарыдағылар жасауы тиіс, олай болмаған жағдайда ол әрекеттерді төмендегілер жасайды, бірақ ол өте ауыр, қан  төгу жолымен жасалады» деп. Халық жағдайы өте төмендеген, қолындағы шынжырдан басқа жоғалтатын ештеңесі қалмаған кезді күтуде ме?

Билік бұл жайларды жақсы біледі, реформалардың төменнен жасалынуына жол бермеудің барлық амалдарын жасайды. Сайлауды өздерінің ойындағыдай өткізді, енді алдағы уақытта халықты алдаусыратып, үлкен саяси реформалар жасаған түр көрсетуге тырысады. Бұл менің жеке ойым, енді билік мемлекеттік басқарудың түрін өзгертуі, яғни президенттік басқарудан парламенттік басқаруға өтуі мүмкін.

Қ.Тоқаевтың жақсы, таза адам екеніне күмәнім жоқ. Бірақ билікті қолға алған соң, оның басқаша әрекеттерге бармайтыны да белгілі. Сайлау өтті, парламентке «қуыршақ» депутаттарды өткізді.

Енді парламенттік билікке ауысуға күш салатын сияқты. Парламенттік басқаруға көшсе, бүкіл билікті өзінің партиясы арқылы жүргізе береді, жақында сайланған «қуыршақтар» оған қалтқысыз қызмет ететініне ешкім күмән келтірмейді.  Ол үшін Ата заңымызға, Конституцияға өзгерістер енгізу қажет болады. Конституцияда мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, басқару рычагтары толық көрініс табуы тиіс. Қандай да бір органға шексіз билік беріліп кетпеуі тиіс. Халыққа қазір Конституцияңызды өзгертпек тұрмақ, өртеп жіберсең де бәрібір сияқты.  Халықтың қамын жейтін, халық үшін өмірін де қиюға дайын, халықты оятуға әрекет жасап жүрген  интеллигенциямыз да жоқ десек болады.

Сондықтан егер де мен айтқандай болып, Конституцияға өзгерістер енгізу науқаны басталса, айналайын заңгерлер, ең болмаса сіздер ояныңыздар, еліміздің болашағы үшін күш жұмылдырыңыздар. Ол үшін қазіргі барлық қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар заңгерлерді Ата заңға енгізілетін өзгерістерді талқылау жұмыстарына жұмылдырулары керек сияқты. Билік Конституцияны өздеріне ыңғайлап алса, ертең «жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап» дегеннің кебін киіп жүрмейік. Заңы қисық елдің жағдайы  түзелмейді.

                                                                                   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.03.2021, 11:18
Тоқаев Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы туралы айтты
Батыр ЖАСҰЛАН 05.03.2021, 09:23
"Жер кодексіне" түбегейлі өзгерістер қажет
Әділ КЕМЕҢГЕР 04.03.2021, 11:01
Қазақтан келін алған Раудың басы дауға қалды
Күлтегін БЕК 04.03.2021, 09:33
Айырқалпақтылардың «айрықша» президенті
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.03.2021, 09:18
Байқа, билік, байқа, полиция! Ертең заңгерлер митингіге шығады
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 15:44
Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44