Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты

Сайт әкімшілігі

12.01.2022, 14:57

2177

Алматыдағы қайғылы оқиға тұрғындардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Қала бірте-бірте әдеттегі өмірге қайта оралып жатыр. Соған қарамастан төтенше жағдай мен коменданттық сағат сақталады. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбекпен тілдесіп, лаңкестік әрекеттен қалай аман қалғанын сұраған.

4 қаңтарда полиция бөлімшесінің бүкіл ұжымы дабыл қақты. «Алматы Аренада» жаппай тәртіпсіздіктер басталып, бүкіл халық қаланың орталық магистральдарымен алаңға қарай жылжығанда, «Камал» («бекініс» дегенді білдіреді) жоспары жарияланды. Әзірбектің айтуынша, бұл жоспар барлық әкімшілік ғимараттарды, полиция бөлімшелерін сол жерде сақталған қару-жарақты жауып тастауды көздейді.

«Кешке қарай Полиция департаментіне қарай бір топ адам келе жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті, бірден біздің алаңдағы үш әкімшілік ғимарат қорғалды. Әрине, тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін бізде үлкен ресурстар болды, бірақ департаментте болған кейбір бөлімшелердің жеке құрамы 100 пайыз қарулы және шабуылға тойтарыс беруге дайын болды.

Негізгі соққыны Масанчи көшесінде орналасқан жедел бөлімшелер, тергеу бөлімі, анықтау бөлімінің қызметкерлері алды. Олардың жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қылмыскерлер біздің ғимараттарға жақындай алмай, артқа шегінді. Қарақшылар ірі техника мен жүк көліктерінің көмегімен қақпаны соғу әрекетін жасады. Менің білуімше, криминалдық полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушісін жойып, кейін КамАЗ өртеніп кеткен.

Шайқас қаңтардың 5-нен 6-ына қараған түні кешкі сегізден таңғы беске дейін жалғасты. Лаңкестер ғимаратымызға 27 рет шабуыл жасады. Тіпті кадр саясаты бөлімінің жігіттері де позиция алып, бұл арамзаларға қарсы оқ жаудырды. Айтпақшы, олар ғимаратқа басқа жақтан, Никольский базарынан, Қарасай батыр көшесі жағынан кіруге әрекеттенді, бірақ бұл әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды.

Біздің қару-жарақ қоймалары күшейтілген қорғанысқа алынды, жедел әрекет ету отрядының жауынгерлерінің көпшілігі алаңда болғандықтан санаулы ғана адам болды. Қару-жарақты сақтап қалу үшін лаңкестерді атуға бұйрық берілді. Заң бойынша шабуылды тойтару кезінде полиция қызметкерлерінің атуға құқығы бар. Оның үстіне, ол кезде бізге қарай бет алған топтың жақсы дайындалған, арнайы киімдері мен техникасы бар қарулы адамдар екені хабарланған болатын.

Лаңкестер арасынан 20-дан аса адам қайтыс болды. Олар жараланғандардың бір бөлігін өздерімен бірге алып кеткен. Жақын маңдағы тұрғындар үшін алаңдадым. Жақын жерде тұрғын үй бар, медициналық орталық айтарлықтай зардап шекті. Ол біздің жанымызда. Оның кіреберісінде де болды.

Лаңкестер терезелерге оқ жаудырды, Масанчидегі ғимараттың фронт-офисін толық қиратты. Мақсатты түрде атыс болды. Олардың арасында мергендер көп, өздерімен бірге қару-жарақ, әскери гранаталар, пулеметтер алған. Терезелерге, қызметкерлерге, ғимаратқа оқ жаудырды. Бұл оқиғада әріптестеріміздің ешқайсысын жоғалтқан жоқпыз. Осы оқиғалар нәтижесінде үш полиция қызметкері, жалпы 176 адам жарақат алды, олардың 8-і ауыр халде жатыр.

Бұлтартпас деректер олардың жоспарлы түрде әрекет еткенін көрсетеді: бір мезгілде бірнеше аудандық басқармаларға шабуылдар ұйымдастырылды. Оның ішінде Әуезов ауданының полиция басқармасы, Алмалы ауданының ПБ жанындағы полиция бөлімі, Медеу АІІБ бар. Бұл жерлердегі оқиғалар бір мезгілде болған.

Таңертеңгі сағат 5-те шабуыл аяқталды, бірақ біз үш-төрт күнде үйге жеттік. Қазір есімде жоқ. Бұл уақыт аралығында осында болдық. Шабуылдың белсенді кезеңі басталғанға дейін отбасыммен телефон арқылы хабарластым. Ол кезде интернетте ақау шыққан еді. Әйтеуір үйде жұбайым бар екен. Балаларымды, біріншіден, Құдайға, екіншіден, оған сеніп тапсырдым. Балалардың сенімді адамның қолында екенін білгенде тынышталдым. Айтпақшы, осы уақытта өмірдегі көп нәрсені қайта ойлайсың. Неге балаларға көп уақыт жұмсамадым деп ойладым, бірақ қызметтің аты — қызмет. Оның үстіне, адам жұмысқа жүрек қалауы бойынша келсе, солай болады.

Төрт балам бар, кішісі үш айлық. 13 жастағы үлкен қызым әкесіне бала күтіміне көмектеседі. Ортаншы ұлым 12 жаста, одан кейін екі жасар қызым мен үш айлық ұлым бар. Күйеуім екеуміз ата-анама шабуыл болып жатқанын айтпадық, кешке анама звондап бəрі жақсы, əзірше жұмыста боламыз деп айттым. Тек бәрі тұрақталған кезде мен оған телефон соғып, осындай жағдай болғанын айттым.

Жергілікті атқарушы орган қолдауы арқасында жеке құрамға азық-түлік ұйымдастырылып, уақытында жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне ғана емес, кейін көмекке келген әскери қызметке де жеткізілді. Олар әлі күнге дейін біздің алаңды күзетіп отыр. Бізді бітімгерлер емес, қазақстандық әскер күзетеді. Терактілер кезінде мен өз кабинетімде болдым. Біздің міндетіміз олардың қару қоймаларына жетуіне жол бермеу болды», — деп еске алады Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Тілшінің «Салтанат Әзірбек қайғылы оқиғалар кезінде өзі үшін, балалары үшін қорққан жоқ па?» деген сұрағына, ол әрқашан мемлекет мүддесін жеке басынан жоғары қоятынын айтты.

«Иә, ондай ой келді, бірақ бірден сейілді, өйткені мен мемлекеттік қызметшімін, ант бердім, мен үшін бірінші кезекте мемлекетті қорғау, азаматтардың құқықтарын қорғау бірінші орында тұр.

Антитеррорлық операция әлі жалғасып жатыр, қаланың кейбір жерлерін қылмыскерлерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың бәрі қазір жалдамалы үйлерде жасырынып жүр, сондықтан тазалау міндетті саналады».

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38