«Самұрық-Қазына» АҚ: көміртекті бейтараптық – қолжетімді мақсат

Сайт әкімшілігі

14.10.2021, 15:04

1437

Қазақстанда 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық Доктринасы әзірленетін болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

"Қазірдің өзінде Доктринадағы үлкен мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі күш-жігер қажет екені айқын. Бұл ретте, отын-энергетика кешенін жаңғыртуда, индустриялды және агроөнеркәсіп саясатын қайта қарауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, құрылыста және жалпы адамдардың өмір сүру дағдысында жаңа тәсілдер қажет», — деп атап өтті Тоқаев.

Жалпы, 2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздері еліміздің жалпы энергия балансының 80 пайызынан астамын құрамақ. Негізгі мақсат — 2060 жылға қарай парниктік газдың нөлдік деңгейіне жету.  Соның арқасында, ауаға бөлінетін көміртегі қалдықтары 9 миллиард тоннаға дейін азаймақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай үлкен мақсаттарға қол жеткізу үшін электр қуаты мен жылу өндіру секторын жаңартуға қомақты қаражат пен инвестиция тарту керек.

Ал, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, бұл уақытқа дейін Қазақстандағы энерготұтыну көлемі 2-3 есеге артуы ықтимал.

«Жаңартылатын қуат көздерінің ерекшеліктерін және газ қоры шектеулі екенін ескерсек, көмір жағуға балама ретінде атом электрстансаларын қарастыру қажет. Технологиялардың даму деңгейін, қаупсіздіктің арта түсуін және әлеуметтік құнын есепке алғанда атом энергиясы энергетикалық проблемаларды шешудегі маңызды рольге ие болады», — дейді Сәтқалиев.

Сондай-ақ, Басқарма басшысы энергоауысуға ынталандыру шаралары аясында «Самұрық-Қазына» Қоры бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Осы жобалар аясында бірнеше қалалардағы ЖЭО-ларын көмірден газға ауыстыру, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, «ақылды» желілер технологияларын қолданып, өндірілген қуатты жинақтап, сақтау жүйесін қолға алу, атом электрстансасын іске қосу, «таза» көмір технологиялары негізіндегі эксперименталды станса салу сияқты бастамалар бар.

Айта кетейік, аталмыш конференцияда сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирьяна Сполярич Эггер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниела Эргина, ЕҚДБ «жасыл» экономика мен климаттық қызметтің басқарушы директоры Гарри Бойд-Карпентер, ЭЫДҰ қоршаған орта басқармасының директоры Рудольфо Лэси сөз сөйледі. Сондай-ақ,  АҚШ Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Джон Керри жиынға қатысушыларға бейнеүндеу жасады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31